Тау-кен факультеті

Бакалаврлар, магистранттар және докторанттардың даярлығын жетілдіру — Тау-кен факультетінің ұжымы үшін басты міндет болып табылады. Оқу процесін үздіксіз жетілдіру және компьютерлендіру, заманауи прогрессивті технологияларды қолдану, ғылыми зерттеулер жүргізу жоғары білікті мамандарды дайындау мен шығаруға септігін тигізеді, олар Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі және оның шегінен тыс көптеген салаларда қызмет етеді. Қазіргі таңда Тау-кен факультетінде 2 мыңнан астам студент білім алуда. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ, көптілді оқытумен академиялық топтар бар. Студенттердің даярлығы кредиттік технология аясында жүзеге асырылады. Тау-кен факультетінде барлық оқу бағдарламалары бүгінгі күні қажетті және болашақта сұранысқа ие мамандықтарға бағытталған. Факультет түлектері арасында — көрнекті ғалымдар, әртүрлі ірі кәсіпорындардың басшылары, өндіріс саласының жетекші қызметкерлері, олардың еңбегі мен білімдері Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқандар бар.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасы
Жаңа білім беру конценциясына сәйкес, «Өнеркәсіптік қәуіпсіздік және экология» кафедрасында 6В11201 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы мен 7M11201 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» магистратура бойынша оқыту жүргізіледі. «ӨҚ және Э» кафедрасы соңғы жылдар шамасында ҚР БҒМ рейтингісі бойынша бірінші орынды иеленіп отыр және Қазақстан Республикасының басты мамандығы. «КАжәнеЕҚ» кафедрасы әрдайым жоғарғы дәрежелерге ұмтылады, халықаралық білім беру мен ғылыми-зерттемелік жұмыстары бойынша барлық мамандықтар мен студенттерді біріктіреді. Кафедраның басты мақсаты бәсекеге қабілетті мамандар дайындау болып табылады. Кафедра интеллектуалды және кәсіби қоғамына жаңа білім беру бойынша мамандар дайындау жолы арқылы үлесін қосады. Кафедра мақсаты халық шаруашылығының барлық саласында, мемлекеттік қадағалау мен еңбек қорғау, ғылыми-зерттемелік ұйымдарда, колледж, ЖОО үшін квалифмкациялы жұмыс жасау үшін қажет жоғарғы квалификациялы мамандарды Кафедра басты талабы оқу пәндерін өндірістік деңгейдегі жаңа ғылыми технологиялық талаптарға сай оқыту материалдарымен қамтамассыз ету.

Бөлім меңгерушісі: Медеубаев Нурмухамбет Алмагамбетович

Мұғалімдер саны: 32

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
1953 жылы құрылған «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларын, магистрлерін және РhD докторларын дайындайды: Бакалавриат: -6В07206 «Маркшейдерлік іс»; -6В07302 «Геодезия және картография»; -6В07303 «Сандық аэрофототүсірілім». Магистратура: -7М07205 «Маркшейдерлік іс»; -7М07301 «Геодезия»; -7M07305 «Жерді қашықтықтан зондтау». Докторантура: -8D07206 «Маркшейдерлік іс»; -8D07208 «Маркшейдерлік іс» (бейіндік) Кафедраның негізгі миссиясы – бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау. Кафедра жаңа буынның техникалық білімі бар мамандарды дайындау арқылы қоғамның интеллектуалды және кәсіби дамуына үлес қосуда. Кафедраның міндеті – өндірістің, ғылымның және техниканың заманауи талаптары деңгейінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқу пәндерін оқытуды қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта кафедраны т.ғ.к., доцент Е.Н.Хмырова басқарады.

Бөлім меңгерушісі: Хмырова Елена Николаевна

Мұғалімдер саны: 43

«Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасы
ПҚКӨ кафедрасы барлық үш деңгей бойынша мамандар даярлайды: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура. ПҚКӨ кафедрасының мақсаты – тау-кен өндіру өнеркәсібі, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары, жоғары оқу орындары мен колледждер үшін жоғары білікті және сұранысқа ие кадрлар даярлау. Бакалавриат 6В07202 – «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасының бакалавры оқу барысында келесі дағдыларды меңгереді: өндірістің жаңа технологияларын игеру; тау-кен қазбаларын жүргізу кезіндегі өзіндік құн шығындарын анықтау (көмір, кен); өндірістің жай-күйін, технологиясын және ұйымдастыру деңгейін талдау; компьютерлік бағдарламаларды және ақпараттық техниканы қолдану; тау-кен өнеркәсібінде басқару дағдылары. 6В07203 – «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының бакалавры оқу барысында келесі дағдыларды меңгереді: өндірістік-технологиялық қызмет; ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет; өндірісті ұйымдастырудың жай-күйін, технологиясын және деңгейін талдау; жобалау-инженерлік қызмет. 6В07207 – «Тау-кен кәсіпорындарының және жерасты ғимараттарының құрылысы» білім беру бағдарламасының бакалавры оқу барысында келесі дағдыларды меңгереді: тау-кен және жарылыс жұмыстарына, сондай-ақ тау-кен өндірісінің жабдықтары мен техникалық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жұмыстарына техникалық басшылық жасау; тау-кен және жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ жерасты құрылыстарын салу мен пайдалануға, жабдықтарды пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау тәртібін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу және келісу, жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық құжаттама талаптарының, қолданыстағы нормалар мен стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету; тау-кен өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру.

Бөлім меңгерушісі: Имашев Аскар Жанболатович

Мұғалімдер саны: 49

«Геология және пайда қазбалар орынын барлау» кафедрасы
Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау кафедрасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандар мен студенттерді біріктіретін халықаралық деңгейде танылған ғылыми және білім беру мекемесі болуда биіктерге жетуге ұмтылады. Кафедраның негізгі миссиясы – бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау. Кафедра жаңа техникалық білімі бар мамандарды дайындау арқылы қоғамның интеллектуалды және кәсіби дамуына үлес қосуда. Кафедраның мақсаты – геологиялық, минералдық-шикізаттық, мұнай-газ өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі, мемлекеттік қадағалау органдары, жер қойнауын тиімді пайдалану мен қорғау, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері, колледждер мен университеттер үшін жоғары білікті және сұранысқа ие кадрларды дайындау және шығару, оқуды аяқтағаннан кейін өндірістік циклге бірден қосылуға дайын. Кафедраның міндеті – өндірістің, ғылымның және техниканың заманауи талаптары деңгейінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқу пәндерін оқытуды қамтамасыз ету.

Бөлім меңгерушісі: Исатаева Фарида Муратовна

Мұғалімдер саны: 24