Энергетика және телекоммуникациялар факультеті

Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті 2015 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректорының бұйрығына сәйкес қайта құрылды. Факультет «Өндірістік процестерді автоматтандыру», «Байланыс жүйелерінің технологиясы», «Энергетикалық жүйелер» кафедраларын біріктіреді, олар факультет құрамына кіретін білім беру бағдарламасы бойынша, сондай-ақ жалпы білім беретін физика кафедрасы бойынша білім береді. Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, ғылыми — зерттеу және тәрбие жұмыстарын қамтитын перспективалық және жылдық жоспарлар негізінде қызметті жүзеге асырады. Факультет қызметі білім беру сапасын арттыруға және оқытушылардың оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жұмысындағы шығармашылық белсенділігін ынталандыруға бағытталған жетекші ғылыми-педагогикалық жетістіктер жүйесінің өзара байланысын дамытуға бағытталған.
«Физика» кафедрасы
Физика кафедрасының білім саласындағы қызмет көрсетудегі ең басты мақсаты тұтынушылардың үмітін ақтау. Кафедра миссиясы тиімділігі жоғары еңбек ету жолына оқушыларға дайындық жасауға ғылым, техника және технология саласында білім мен тәжірибе беруді қамтамасыз етуімен қорытындыланады. Басты мақсаттарға жету үрдісінде 7 стратегиялық бағыттар жүзеге асуда. Стратегиялық бағыттар мақсаттары «Инженерлік қызмет саласында мамандарды дайындау жүйесін жетілдіру»болып табылады: – өндіріс салаларын қоғамның таладына сай келетін білікті мамандармен қамтамасыз ету. Стратегиялық бағыттар мақсаттары «Профессорлар-оқытушылар құрамдарының сапасын жоғарылату» болып табылады: Толассыз білім мен өзінің білімін жоғарылатып отыратын және кәсіпті ғылыми практикалық қызметпен айналысуға байланысты кафедра бағыты бойынша академиялық жаңа ұтқыр үлгідегі педагогтарды дайындау; Профессорлық- оқытушылар құрамын кәсіби жоғарылату және қайта дайындаудан өткізу жолымен кадрлар потенциалын күшейту. Стратегиялық бағыттар мақсаттары «Оқу-әдістемелік жұмыстарды жаңашаландырып дамыту» болып табылады: Интегралданған мәселелелі- шамамен белгіленген оқыту және машықтану мен білім жаңа әдістері стратегияларын енгізу; Қазіргі заманғы жаңа технологияны енгізу жолымен оқыту сапасын жақсарту, техникалық білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; Студенттерге кеңес беру және оларды қолдау жүйесін қамтамасыз ету. Стратегиялық бағыттар мақсаттары «Бәсекелестікке қабылеттілікті дамыту және білім беру қызметі спектрін кеңейту» республика мен аймақтың басым бағыттағы озық даму мәселелерін шешуге нысаналанған техника мен технология саласында бәсекелестікке қабылетті зиялы кадрлар потенциалын құру болып табылады: биотехнологиялар; тау-кен металлургиялық секторларға арналған технологиялар және солармен байланысты қызметкөрсету салалары; ақпараттық және космостық технологиялары. Стратегиялық бағыттар мақсаттары «ғылыми-зерттеу қызметтерін жетілдіру» іргелі және қолданбалы зерттеулер базасында және биотехнология әзірлемелері бойынша инженерлік технологиялары мен тау-кен металлургия кешендеріне арналған құралдар, құрылыс технологиясы, көлік техникасы, машина жасау, автоматтандыру, электр энергетикасы, ақпараттық технологиясын болып табылады. Стратегиялық бағыттар мақсаттары «Жоғарғы оқу орындары материалдық-техникалық базаларын жетілдіру және нығайту» болып табылатын: — үнемі жаңаланып отыратын ғылыми-эксперименттік, оқу-әдістемелік және технологиялық жаңа базаларды құрып және дамыту; — Кафедра аралық ғылыми-зерттеу зертханаларын, дәрісханаларды жасақтауды жақсарту; — студенттердің жатақханаларда тұру жағдайларын жақсарту; — «Корпоративтік университет» Консорциумы кәсіпорындарында оқу-ғылыми-зерттеу зертханаларын құру.

Бөлім меңгерушісі: Турдыбеков Дастан Мухтарович

Мұғалімдер саны: 17

«Радиоэлектроника және телекоммуникациялық технологиялар» кафедрасы
РТТ кафедрасының мақсаты: 6В06201 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және 6В06202 «Желілік технологиялар және байланыс жүйелері» білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және стандарттардың талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану қажеттілігіне сәйкес келетін мамандарды жан-жақты даярлау, үздіксіз жетілдіру принципін жүзеге асыратын сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету. РТТ кафедрасының міндеттері: Технологиялардың дамуының заманауи тенденциялары мен оқу үдерісінің парадигмасын ескере отырып, байланыс жүйелері мен телекоммуникациялар үшін 6В06201 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және 6В06202 «Желілік технологиялар және байланыс жүйелері» білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді даярлау. РТТ кафедрасы студенттерінің дағдылары: Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері – технологиялық жүйелер, ақпаратты беруді және оны түрлендіруді қамтамасыз ететін техникалық құралдар, телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану; телекоммуникациялық құрылғыларды басқару, пайдалану және техникалық қызмет көрсету. РТТ кафедрасының артықшылықтары: Оқу үдерісін сапалы жүргізу үшін РТТ кафедрасының материалдық-техникалық базасында 6 зертхана бар, олар соңғы үлгідегі оқу-зертханалық кешендермен, стендтермен, көрнекі макеттермен және соңғы буын компьютерлерімен жабдықталған. РТТ кафедрасының даму перспективалары: Озық инновациялық оқытуды енгізу, блоктық-модульдік жүйені енгізу, Болон процесінің принциптерін енгізу негізінде оқу үдерісінің сапасын арттыру арқылы студенттердің оқу жетістіктерін арттыру, ғылыми-педагогикалық біліктіліктің өсуін қамтамасыз ету, оқу процесін жетілдіру негізінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, мәдени-көпшілік және спорттық-сауықтыру шараларына қатысуының өсуін қамтамасыз ету.

Бөлім меңгерушісі: Калиаскаров Нурбол Балтабаевич

Мұғалімдер саны: 21

«Энергетикалық жүйелер» кафедрасы
Кафедра энергетика саласында: бакалаврлар мен магистрлер — «Инженерия және инженерлік іс» бағыты бойынша және «Электротехника және энергетика»білім беру бағдарламаларының тобы бойынша мамандарды дайындайды. «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының мақсаты, бұл электр энергетикасы саласында жобалау, пайдалану және басқару қағидаттары мен әдістерінде берік базалық дайындықты қамтамасыз ету. Бәсекелес қоршаған ортаға қажетті іргелі білім мен практикалық дағдыларды қамтамасыз ететін пәндерді оқыту арқылы түлектерді электр энергетикасы саласында және объектілерінде табысты мансапқа дайындау. Кафедрада экономика мен энергетиканың өрлеуін, тұрақтылықты, қауіпсіздікті және егемен Қазақстанның өркендеуін қамтамасыз етуге қабілетті үздік инженерлік таланттар дами алатын барлық қажетті жағдайлар жасалған. Біздің бүгінгі кафедрада жасап жатқан ісіміз білімімізді дамыған елдердің халықаралық талаптарына жақындатуға мүмкіндік береді.

Бөлім меңгерушісі: Нешина Елена Геннадьевна

Мұғалімдер саны: 31