Ақпараттық технологиялар факультеті

50 жыл бұрын ЖОО-да тау-кен-электр факультеті базасында автоматика және ақпараттық жүйелер факультеті ашылды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа мамандықтарының ашылуына байланысты бұл бөлімше 1993 жылы ақпараттық технологиялар факультеті, ал 2008 жылы Инновациялық технологиялар факультеті болып қайта құрылды, қазіргі уақытта факультет Ақпараттық технологиялар факультеті деп аталады. Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар факультетінің кафедралары CISCO Желілік Академиясының және жетекші IT-компаниялардың — «ERP-company» ЖШС, «Gexabyte» ЖШС, «Wooppay» ЖШС, «X-net», ЦИТ «WTO», ЖШС»ABI». Әлемдік деңгейдегі бағдарламашыларды даярлау шеңберінде факультетте 2011 жылдан бастап «EPAM Systems» RD-зертханасы табысты жұмыс істейді, оның түлектері өңірдің және елдің IT-компанияларында ғана емес, сонымен қатар шетелде – Google компаниясында жұмыс істейді.
«Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасы
“Ақпараттық-есептеулік жүйелер” кафедрасы 2014 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама» және «Ақпараттық жүйелер» кафедраларының бірігуі арқылы пайда болды. Кафедра инновациялық жобалардың жүзеге асырылуына, ғылыми-зерттеулік жұмыстардың коммерциялауына үлкен көңіл бөледі. Оқутышылармен оқу шығарылымдарын дайындау мен сертификаттау, оқу материалдарын өзектендіру, аралық, қорытынды бақылау шараларын өткізу үшін арналған тест тапсырмаларын дайындау жүзеге асырылады. Кафедра өз алдына инновациялық тапсырмалар қояды: — Ресейдің және алыс шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен екідипломды білім алуды жүзеге асыру: — PhD докторантурасын ашу; — Студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі; — Кафедра оқытушыларының кандидаттық және докторлық диссертацияларын (Ресей),PhD докторлық диссертациялар (Қазақстан) дайындау және қорғау; — Пән бойынша қазақ тілінде жүз пайызды оқу кешенімен және кітаптармен қамтамасыз ету; — Ақпараттық жүйелер облысында білімді шыңдаудың үздіксіз «Бар өмір білімі!» жүйесін құру — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар облысындағы заманауи жетістіктерді қолдана отырып студенттердің білім деңгейін арттырып, оқу үрдісінің өнімділігін арттыру; — Үштілді білім жүйесіне толығымен өту; — Кафедра оқытушыларының алдыңғы деңгейлі шет елдерінде машықтау курстарын өтуді ұйымдастыру; — Жаңа ақпараттық технология облысындағы мамандарды қайта дайындау; — Мәртебелі ғылыми-техникалық бағыттар бойынша бастапқы, іздеуге арналған және қоымша зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру; — Ғылыми, ғылыми-әдістемелік баспалар мен оқу, оқу-әдістемелік кешендерді дайындап, шығару; — Қазақстан, Ресей, Польша, Германия кәсіпорындарының ғылыми және өндірістік байланысты дамыту; — Дүние жүзілік білім жүйесіне шығу мақсатында Ресей, Польша, Германия және АҚШ фирмалары мен жоғары оқу орындарымен халықаралық ғылыми-техникалық серіктестікті кеңейту.

Бөлім меңгерушісі: Абилдаева Гулнур Балтабаевна

Мұғалімдер саны: 33

«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
КжЖИ кафедрасы 1960 жылы «Қолданбалы механика» атауымен құрылған. Алғашқы меңгерушісі доцент, техника ғылымдарының кандидаты И.Л. Деревинский болды. 2001 жылдан бастап кафедра Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлауды жүзеге асырып келеді. Бүгінде КжЖИ – бұл компьютерлік технологияларды, ақпараттық жүйелерді, жаңа машиналарды және заманауи салалық технологияларды автоматтандырылған жобалау. «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы (КжЖИ) ақпараттық қауіпсіздік, бағдарламалау және заманауи IT-технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен айналысады. Негізгі назар киберқауіпсіздікке, деректерді қорғауға, ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен әкімшілендіруге аударылады. «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы (КиЖИ) аймақтағы IT-саланың дамуына ықпал ете отырып, ғылыми конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады. Оқытушылар мен студенттер отандық және халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жариялап, зерттеу нәтижелерімен бөліседі.

Бөлім меңгерушісі: Кожанов Мурат Галиаскарович

Мұғалімдер саны: 70

«Дене тәрбиесі» кафедрасы
Спорттық-сауықтыру және Спорттық-бұқаралық жұмыс кафедраның студенттермен де, ПОҚ-мен де, университет қызметкерлерімен де жұмысының маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Спорттық-сауықтыру жұмыстарының тиімділігін қаланың ең үздік базаларының бірі, сондай-ақ, кафедраның білікті жаттықтырушы-оқытушылары қамтамасыз етеді. Жаттықтырушылық жұмысты: аға оқытушы Гришин Н.Г. — гандбол, оқытушы С.Б. Құжахметов. — пауэрлифтинг, аға оқытушы Окасов Е.А. — футбол, оқытушы Елеукешев О.Н. — волейбол (ер), аға оқытушы Р.М. Сәденов. — волейбол (әйелдер), аға оқытушы Сейсенова А.С. – баскетбол (әйелдер), аға оқытушы Черясова О.Ю. — жеңіл атлетика. Университетте 27 спорт секциясы және оқытушылар мен қызметкерлердің 5 ЖДД тобы жұмыс істейді. Жалпы саны 600-ге жуық адам. Университет құрама командаларының мүшелері қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда табысты өнер көрсетуде. Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне ЖОО-ның 2-ші және 3-ші спартакиадаларында құрама командалар үздік өнер көрсетіп, 1-ші жалпы командалық орынға ие болды. Дәстүр бойынша университетте үш Спартакиада өткізіледі: 7 спорт түрі бойынша «бірінші курс студенті», 14 спорт түрі бойынша факультетаралық спартакиада, 6 спорт түрі бойынша университет ректорының Кубогына «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы.

Бөлім меңгерушісі: Окашев Рустем Данияркожаевич

Мұғалімдер саны: 26

«Қазақстан тарихы» кафедрасы
"Қазақстан тарихы" кафедрасының басты міндеті тұтынушылардың үмітін ақтайтын білім беру қызметтерін көрсету болып табылады. Білім беру қызметінің сапасын арттыру және жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мүдделі тараптардың қазіргі және болашақтағы қажеттіліктері мен күтулеріне бағдарланған университеттің сапа саласындағы миссиясын, саясаты мен мақсаттарын, Стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу арқылы іске асырылады. Сапа саясаты кафедра үшін эталон ретінде қызмет ету үшін белгіленген. Сапа саясаты сапа мақсаттарын әзірлеу және талдау үшін негіз береді. Сапа мақсаттары сапа саясатына және кафедрада анықталған барлық процестерді үнемі жақсартуға міндеттемеге сәйкес келеді. "Қазақстан тарихы" кафедрасының білім беру қызметінің сапасын арттыру саласындағы стратегиялық мақсаты оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру негізінде оқу қызметін жүзеге асыру болып табылады,

Бөлім меңгерушісі: Темиржанова Шолпан Мейрамовна

Мұғалімдер саны: 13