Шебалина Ольга Андреевна

Ханнанов Рустем Рашитович

Старший преподаватель
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67 №2 ғимарат, Абай даңғылы,67
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

9
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2015

бакалавр экономики и бизнеса

Менеджмент

2014

мгистр технических наук

Геодезия

2012

бакалавр геодезии и картография

Геодезия и картография

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Жердегі және әуедегі лазерлік сканерлеу технологиясы

Пән ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) мен дронның негізінде геодезиялық жұмыстарды жүргізу тәсілдерін, өзіне тән нүктелердегі түсіру ерекшеліктерін, сипатталған жүйенің компоненттері арасындағы бұрылу бұрыштары мен салыстырмалы жылжуларды зерделейді, кеңістіктегі лазерлік шағылысудың әрбір нүктесінің абсолюттік координаттарын анықтайды. Үш өлшемді сандық модельдерді құру және көлемін есептеу; сақтау орны мен қоймалардағы кен көлемін есептеу, құбырлар моделінің құрылысы, ғимараттардың, құрылыстардың қасбеттері, жер-мүлік кешендерін түгендеу жөніндегі жұмыстарды орындау.

Бакалавр

Сандық карталарды құрудың заманауи технологиялары

Пәнді оқыту мақсаты: сандық карталарды құру үшін қажетті қазіргі заманғы технологиялық құралдарды және картографиялық ақпаратты сандық түрге түрлендіру әдістерін зерттеу. Негізгі бөлімдердің мазмұны: сандық карталарды құрудың технологиялық схемалары, сандық карталарды бақылау және редакциялау, сандық ақпаратты визуализациялау; бағдарламалық жасақтаманы зерттеу және деректерді өңдеу. Оқыту нәтижесі: сандық карталарды автоматты және автоматтандырылған жасау дағдыларын меңгеру.

Бакалавр

Геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылған әдістері және лазерлік сканерлеу

Пән геодезиялық өлшеулердің заманауи құралдары мен аспаптарын, түсірудің автоматтандырылған әдістерін, Геодезиялық өлшеулерді өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді, жергілікті жердің жерүсті-ғарыштық түсірілімдерін зерделейді. Курс бөлімдерден тұрады: заманауи геодезиялық аспаптар, бағдарламалық қамтамасыз ету кешендері, технологиялар және оларды қолдану әдістері. Курсты оқу геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылған технологияларын пайдалану дағдыларын игеруге және алынған геодеректерді өңдеуді жүзеге асыруға бағытталған.

Бакалавр

Геодезиялық аспаптану, стандарттау және метрология негіздері

Бакалавр

Геодезиялық аспаптану және метрология негіздері

Пән геодезиялық аспаптар мен өлшеу тәсілдерін, геодезиялық аспабтанудың пәні мен міндеттерін, ҚР "өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Стандарттау туралы", "Сертификаттау туралы"Заңдарын оқытады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: геодезиялық аспаптардың даму тарихы, геодезиялық құралдардың осьтік жүйелері.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Спутниктік навигациялық жүйелер

Пән GPS қабылдағыштарының әр түрлі типтерін және оларды геодезиялық жұмыстардың әр түрлі сатыларында қолдану мүмкіндігін зерттеуді, GPS жерсеріктік жүйесінің көмегімен орналасқан орнын анықтауға негізделген позициялаудың қазіргі заманғы жүйелерінің теориялық, әдістемелік және технологиялық негіздерімен танысуды мақсат етеді.

Бакалавр

Желілік құрылыстарды әуеден түсіру әдістері

Пән бойынша оқыту сызықтық типтегі объектілерді аэрофотограмметриялық түсірудің заманауи әдістерін игеруге бағытталған. Негізг ібөлімдердің мазмұны: аэрофотограмметриялық түсіру және әуе лазерлік сканерлеу кезіндегі геодезиялық жұмыстар. Білім алушы әуеде түсіру әдістерінен алынған аэроғарыштық деректерді алу және өңдеу дағдыларын меңгереді.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Мемлекеттік геодезиялық желілерді құру мен реконструкциялау кезіндегі спутниктік технологиялар

Пәнді оқытудың мақсаты мемлекеттік геодезиялық желіні құру және қайта құру кезінде қазіргі заманғы спутниктік технологиялар мен жабдықтарды тиімді пайдалану үшін қажетті жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер саласындағы білім кешенін меңгеру қабілетін айқындайтын кәсіби құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Эксперименттер нәтижелерін математикалық модельдеу және өңдеу

Пән магистранттарда математикалық статистика және эксперименттердің әртүрлі түрлерін өңдеу саласындағы білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыру мақсатын қояды. Пәнді оқу барысында тәжірибелік деректерді жинау процедурасы, тәжірибелік деректерді бастапқы өңдеу әдістері, жиналған деректерді өңдеу, іріктемелік жиынтықтарды статистикалық талдау қарастырылады, корреляциялық және регрессиялық талдау жүргізіледі, статистикалық байланыстың сызықсыз болуы белгіленеді.