Бакалавр
Экономика мен қаржылық сауаттылық негіздері
Пән білім алушылардың қоғамның экономикалық даму заңдылықтары, кәсіпкерлік қызмет негіздері және жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлық саласындағы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында экономиканың негізгі мәселелері, экономикадағы таңдау мәселесі және ресурстарды тиімді пайдалану, меншіктің қазіргі экономикадағы нысандары, жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу, бизнес-жоспар жеке кәсіпкерліктің негізі ретінде, экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы, инфляция мен жұмыссыздықтың экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретіндегі рөлі, елдің банк және бюджет жүйелері, мемлекеттің ақша-кредит саясаты мен макроэкономикалық көрсеткіштері, кәсіпорын қызметінің экономикалық негіздері: өндіріс және оның факторлары қарастырылады. Пәнді оқу кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық саласындағы білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау процестерін сыни тұрғыдан бағалау және талдау қабілетін дамытуға бағытталған.