Шебалина Ольга Андреевна

Булатбаева Юлия Феликсовна

И.о.доцента
«Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
15+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

12
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2012

Магистр технических наук

Автоматизация и управление

2010

Бакалавр автоматизации и управления

Автоматизация и управление

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Автоматтандырылған жобалау жүйелері

Курс басқару жүйелерін автоматтандырылған жобалау үшін қосымшалар пакеттерін пайдалануда білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: сатылар және жобалау стратегиясы, бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері, инженерлік нысандарды компьютерлік жобалау үшін бағдарламалық пакеттерді қолдану. Зерттеу курсы түрлі процестердің енгізілген цифрлық басқару жүйелерін жобалауға бағытталған.

Бакалавр

Заманауи бағдарламалық жүйелер

Бакалавр

Электрмен жабдықтауды басқарудың автоматтандырылған жүиелерi

Курс есептеуіштерге сауалнама жүргізе отырып, ЭКЕАЖ ұйымдастыру бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады: интерфейс түрлендіргіші, мультиплексор немесе модем арқылы компьютермен; деректерді жинау мен өңдеудің жергілікті орталығымен Негізгі бөлімдер: "АСКУЭ"терминінің пайда болуы мен мағынасы туралы. Заманауи кәсіпорынның ЭКЕАЖ. ЭКЕАЖ құру принциптері. АБЖ саласындағы техникалық шешімдер. ЭКЕАЖ өлшеу арналарының интерфейстері. Кәсіпорындарда электр тұтыну режимдерін реттеу. Курсты оқу энергия ресурстарын тұтынуды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін құру және таңдау принциптерін зерттеуге және осы білімді әртүрлі инженерлік мәселелерді шешуде қолдануға бағытталған

Докторантура бағыттар бойынша

Өндірістік тәжірибе

PhD докторы

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертация орындау

Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты білім беру процесін магистрлерді даярлау бағыттары бойынша кәсіби қызмет саласын дамытумен біріктіру болып табылады. МҒЗЖ ғылыми-зерттеу, инновациялық ойлауды, шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті; магистрлік диссертация бағытымен байланысты ғылыми салада ғылыми зерттеулерді, эксперименттік жұмыстарды жүзеге асыру білігін, кәсіби міндеттерді шешуді қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Зертеу практикасы таңдалған мәселе бойынша ғылыми зертеуді орындалуға бағыталған. Мавгистранттардын теориялық білімдерін нығайту және терендету, өзіндік жұмысының дағдыларын менгеру және дамыту. Магистерлік диссертацияны орындау және доктрант ретінде ғылыми қызметін жалғастыру үшін үлкен маңызды ие.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Педагогикалық практика

Педагогикалық практика білім алушыларды тиісті мамандық бойынша педагогикалық қызметке даярлауға бағытталған. Педагогикалық практикада білім алушылар ЖОО-дағы педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен; педагогикалық тапсырмалардың көлемі мен сипатымен; ЖОО-дағы нақты педагогикалық қызметтің оқытушыға қоятын талаптарымен танысады. Практикадан өту педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған.

Бакалавр

Бағдарламалау әдістері мен технологиялары

Курс бағдарламалау техникасы мен технологиялары бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: бағдарламалау технологиясының негіздері, деректерді өңдеу алгоритмдері, проблемаларды шешу әдістері және бағдарламаларды дамыту, құрылымдық бағдарламалау, бағдарламалау стилі, бағдарламаларды өндеу, графикалық бағдарламалау, бағдарламалық жасақтама жасау әдістері, заманауи ақпараттық технологиялар. Курстық зерттеу процестерді басқару жүйелерін зерттеуге және жобалауға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

АТК оперативті-диспетчерлік басқару жүйелері

Курс конвейерлік қондырғылар (КК) мысалында автоматтандырылған технологиялық кешендердің (АТК) оперативті-диспетчерлік басқаруының конструкторлық және техникалық іске асыру туралы білімдерді қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: телекоммуникациялық байланыс желілерін қолдана отырып, SCADA жүйелерімен технологиялық процестер мен өндірісті басқарудың интеллектуалды иерархиялық жүйелерін құру. Курсты оқып үйрену АТК-ны жобалауға және пайдалануға арналған.