Шебалина Ольга Андреевна

Бартенев Игорь Анатольевич

Доцент
«Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
44+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

11
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1971

инженер механик

Оборудование и технология сварочного производства

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Дәнекерлiк қосылыстар сапасын бақылау

Пән сапаны бақылау саласындағы бакалаврлардың конструкторлық-технологиялық дайындығының бір бөлігін құрайды. Курс кристалды құрылымдағы ақаулар теориясының түсінігі мен заңдары, дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау әдістерінің жіктелуі, бақылауға арналған жабдықтар бөлімдерімен ұсынылған. Курсты оқу студенттердің дәнекерлеу қосылыстарының ақауларын анықтау үшін жабдықтарды таңдау және бақылау әдістерін белгілеу біліктерін қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Дәнекерлiк конструкциялар мен құбырларды өндiру және жинақтау

Пән өндірістік дайындық саласындағы бакалаврлардың технологиялық дайындығының бір бөлігін құрайды. Курс бөлімдер бойынша ұсынылған:әр түрлі мақсаттағы дәнекерленген бұйымдарды өндіру технологиясы, өндірістік процестерді механикаландыру. Курсты оқу студенттердің өңдеу әдістерін тағайындау, технологиялық режимдерді анықтау, жабдықты таңдау, дәнекерленген конструкциялар мен құбырларды өндіру және монтаждау үшін технологиялық операцияларды қалыптастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Стандарттық емес жабдықтарды жобалау

Пән бакалаврлардың конструкторлық дайындығының бір бөлігін құрайды. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: құрастыру және дәнекерлеу құрылғыларының жіктелуі және талаптары, дәнекерлеу құрылғыларының негізгі схемалары мен негізгі бөліктері, құрастыру және дәнекерлеу құрылғыларының тірек және күш элементтерінің есептеулері, әмбебап құрастыру құрылғылары, стендтер мен кондукторлар. Курсты оқу дәнекерленген құрылымдарды жасауға арналған жабдықтар мен құрылғыларды жобалау және есептеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Металдарды газ жалынымен өңдеу

Пән бакалаврлардың технологиялық дайындығының бір бөлігін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: газ алу, олардың жану. Металды немесе балқыманы балқыту. Тозуға төзімді қорытпаларды балқыту, металдар мен қорытпаларды кесу және дәнекерлеу. Курсты оқу зауыттық және монтаждық жағдайларда газ жалынды өңдеу процестерін ұйымдастыру бойынша іскерлікті қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Дәнекерлеуге арналған қоректендiру көздерi

Пән теориялық дайындықтың негізін құрайды және инженерлік-техникалық қызметтің іргетасы болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: дәнекерлеу доғасының сипаттамалары, қоректендіру көздерінің түрлері мен сипаттама-лары, дәнекерлеу трансформаторларының, генераторлардың, түзеткіштердің және дәнекерлеу үшін инверторлық көздердің конструкциялары мен жұмыс принципі. Курсты оқу пісіру конусцияларын өндіруге арналған технологиялық жабдықтарды таңдау, баптау, қолдану бойынша біліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Балқытумен дәнекерлеу технологиясы және жабдықтары

Пән бакалаврлардың технологиялық дайындығының бір бөлігін құрайды. Курс мынадай бөлімдер бойынша ұсынылған: электр доғалы және электр қожды дәнекерлеудің көптеген салаларында қолданылатын дәнекерлеу режимдерін, жабдықтар мен дәнекерлеу материалдарын таңдау үшін металдарды балқытудың жоғары температуралық көздерін пайдаланатын дәнекерлеу технологияларының мәні. Курсты оқу өнеркәсіпте балқытудың негізгі әдістері мен тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Заманаум дәнекерлеу жабдықтары

Пән дәнекерлеу жабдықтары саласындағы негізгі пәндердің бірі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: автоматты реттеу жүйелерінің негізгі типтері. Жартылай автоматтың инверторлы қоректендіру көздері. Флюспен дәнекерлеуге және балқытуға арналған автоматтар. Түйіспелі дәнекерлеу машиналары. Дәнекерлеудің әртүрлі түрлеріне арналған жабдық. Курстың мақсаты - дәнекерлеу жабдықтарының электр және кинематикалық сұлбаларында, дәнекерлеу және дәнекерлеу жабдықтарының режимдерін таңдауда бағдарлай білуді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Дәнекерлеу процестерiн автоматтандыру

Пән дәнекерлеу технологиясын автоматтандыру саласындағы бакалаврлардың технологиялық дайындығының бір бөлігін құрайды. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: автоматика жүйелерін талдау, механикаландыру және автоматтандыру кезеңдері, дәнекерлеу және бақылау әдістеріне арналған жабдықтар, дәнекерлеу процестерін автоматты реттеу және басқару жүйелерінің құрылысы. Курсты оқу дәнекерлеу процестерін автоматтандыру құралдарын таңдау, жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Дәнекерлеудің және бақылаудың арнайы әдістері

Пән дәнекерлеу және бақылау саласындағы негізгі әдістердің бірі болып табылады. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ультрадыбыстық дәнекерлеу туралы жалпы мәліметтер. Лазерлік дәнекерлеу технологиясы. Электронды-сәулелі дәнекерлеу (ЭСД). ЭСД кезіндегі дәнекерленген жіктердің ерекше ақаулары. Пәнді оқыту арнайы дәнекерлеу және бақылау әдістерін қолдана білуді қалыптастыруға, басқарудың оңтайлы құралдары мен жүйелерін таңдауға және өндірісті бақылауға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Бакалавр

Диплом алдындағы практика

Пәнді оқытудың мақсаты: диссертация жазу үшін теориялық және практикалық материалдарды жинау және өңдеу. Негізгі бөлімдердің мазмұны: кәсіпорын қызметінің сипаттамасы, өнімнің (қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдау, "кәсіпорын қызметінің жаңа нәтижелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қорытындылар, ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Оқыту нәтижелері: кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қаржылық есептілікті талдау, ұйымның операциялық қызметіне талдау жүргізу және оның нәтижелерін басқару шешімдерін дайындау үшін пайдалану, алынған есептілік және статистикалық деректерді диплом алдындағы практикадан өткені туралы есепті ресімдеу және ұсыну үшін пайдалану.