Картографиялық-геодезиялық өндірістің экономикасы, ұйымдастырылуы және жоспарлануы
Пән картографиялық-геодезиялық өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру кезіндегі экономикалық заңдарды зерттейді. Курс келесі бөлімдерді қамтиды: өндірістік процесс және оны ұйымдастыру, еңбекті нормалау. картографиялық-геодезиялық өндірістің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, техникалық жобалау, құндық бағалау, картографиялық-геодезиялық өндірістің пайдасы мен рентабельділігі. Пән картографиялық-геодезиялық өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау экономикасы саласында материал мен практикалық дағдыларды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.