Шебалина Ольга Андреевна

Даненова Гульмира Тулендиевна

Доцент
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
27+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

16
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1993

инженер-системотехник

Системы автоматизированного проектирования

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Ақпарат қорғаудың ақпараттық негіздері

Пән бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды және түлектер қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен берілген: ақпаратты қорғау әдістері мен құралдары; ақпаратты кодтау; криптография негіздері; байланыс арналарын қорғау. Курсты оқу студенттердің табысты кәсіби қызмет үшін білім және құзыреттілік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ақпаратты қорғау жүйелерін модельдеу негіздері

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының және ақпаратты қорғау жүйелерін моделдеудің практикалық дағдыларының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: жобалаудың интеграцияланған технологиясы, жүйелерді жобалаудың блоктық - иерархиялық тәсілі, микромоделдеу, макромоделдеу, метамоделдеу, типтік математикалық сұлбаларды қолдана отырып жүйелерді моделдеу. Курсты оқу студенттердің ақпаратты қорғау жүйелерін модельдеу әдістемесін меңгеруі мен қолдануына бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ақпаратты өңдеу және кодтау жүйелері

Пән кездейсоқ қателіктерден қорғауға арналған кодтау жүйелері саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: Дискретті хабарлама көздерін кодтау. Жадсыз дискретті арналарға арналған кодтау теоремалары. Қателерді түзетуші кодтар. Шуылға төзімді кодтар үшін кодтау және декодтау алгоритмдері. Курсты оқу кедергілермен байланыс арналары арқылы деректерді беру мәселелерін шешуге бағытталған

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Зертеу практикасы таңдалған мәселе бойынша ғылыми зертеуді орындалуға бағыталған. Мавгистранттардын теориялық білімдерін нығайту және терендету, өзіндік жұмысының дағдыларын менгеру және дамыту. Магистерлік диссертацияны орындау және доктрант ретінде ғылыми қызметін жалғастыру үшін үлкен маңызды ие.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты білім беру процесін магистрлерді даярлау бағыттары бойынша кәсіби қызмет саласын дамытумен біріктіру болып табылады. МҒЗЖ ғылыми-зерттеу, инновациялық ойлауды, шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті; магистрлік диссертация бағытымен байланысты ғылыми салада ғылыми зерттеулерді, эксперименттік жұмыстарды жүзеге асыру білігін, кәсіби міндеттерді шешуді қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Үлкен деректерді талдау және өңдеу әдістері

Пән үлкен көлемді ақпараттық массивтермен тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ететін үлкен деректерді өңдеу мен талдаудың теориялық және практикалық әдістерін зерттейді. Курс деректерді өңдеу алгоритмдерін, таратылған есептеулерді, машиналық оқыту мен деректерді автоматтандырылған талдауды қамтиды. Ерекше назар деректерді сақтау, өңдеу және талдау үшін құралдар мен технологияларды таңдауға аударылады. Курс үлкен деректермен жұмыс істеуге арналған заманауи платформаларды меңгеруді, аналитикалық шешімдерді жүзеге асыруды және әртүрлі қолданбалы міндеттер үшін ақпаратты өңдеу алгоритмдерін әзірлеуді көздейді.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

ЖИ пайдалану арқылы деректерді визуализациялау

Пән деректердегі заңдылықтарды анықтау және талдауды жеңілдету үшін жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану арқылы деректерді ұсыну әдістерін зерттейді. Курс деректерді өңдеу, талдау және визуализациялау, автоматтандырылған графикалық ұсыну және заманауи ЖИ құралдарын қамтиды. Ерекше назар визуализация әдістерін таңдауға, деректерді талдауға және ЖИ алгоритмдерін қолдануға аударылады. Курс үлкен деректерді визуализациялау технологияларын меңгеруді, нейрондық желі модельдерін қолдануды және тиімді графикалық шешімдер құруды қарастырады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Деректерді талдау және машиналық оқыту

Пән деректерді талдау және машиналық оқыту әдістерін қолдану бойынша теориялық және практикалық негіздерді қалыптастырады. Курс деректерді өңдеу, визуализациялау және интерпретациялаудың негізгі тәсілдерін, сондай-ақ машиналық оқыту алгоритмдерін, оларды оқыту мен оңтайландыруды қамтиды. Пән статистикалық әдістерге, нейрондық желілерге, классификация, кластерлеу және болжау әдістеріне негізделген. Ерекше назар модельдерді әзірлеу, олардың валидациясы мен нәтижелерін интерпретациялауға, сондай-ақ машиналық оқыту құралдарын әртүрлі салаларда практикалық қолдануға аударылады. Курс сонымен қатар машиналық оқытуға арналған заманауи кітапханалар мен платформаларды меңгеруді, алгоритмдерді нақты деректерде іске асыруды және деректерді талдауды автоматтандыру стратегияларын зерттеуді қамтиды.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты білім беру процесін магистрлерді даярлау бағыттары бойынша кәсіби қызмет саласын дамытумен біріктіру болып табылады. МҒЗЖ ғылыми-зерттеу, инновациялық ойлауды, шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті; магистрлік диссертация бағытымен байланысты ғылыми салада ғылыми зерттеулерді, эксперименттік жұмыстарды жүзеге асыру білігін, кәсіби міндеттерді шешуді қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Математикалық модельдеу негіздері

Пән қолданбалы есептерді талдау және шешу үшін математикалық модельдерді құру әдістерін зерттейді. Курс модельдеудің, оңтайландырудың және болжаудың негізгі тәсілдерін қамтиды. Модельдерді таңдауға, сандық шешім әдістеріне және олардың дәлдігін бағалауға ерекше назар аударылады. Курс модельдерді әзірлеу мен тестілеуді, олардың тиімділігін талдауды және ғылыми және инженерлік міндеттерде қолдануды қарастырады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Педагогикалық практика

Педагогикалық практика білім алушыларды тиісті мамандық бойынша педагогикалық қызметке даярлауға бағытталған. Педагогикалық практикада білім алушылар ЖОО-дағы педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен; педагогикалық тапсырмалардың көлемі мен сипатымен; ЖОО-дағы нақты педагогикалық қызметтің оқытушыға қоятын талаптарымен танысады. Практикадан өту педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Педагогикалық тәжірибе

Ғылыми-инновациялық қызметті басқару

Пән ғылыми-инновациялық қызметті (ҒИҚ) басқарудың қағидаттары мен әдістерін зерделеуге бағытталған. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ҒИҚ-ты жоспарлау; ҒИҚ-тың эксперименттік деректерін өңдеу және талдау; ҒИҚ-тың техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаларды коммерцияландыру; ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу; эксперименттік-зерттеу міндетінің жобалық шешімін қалыптастыру; ҒИҚ нәтижелерін дайындау және жариялау; ҒИҚ нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну. Курсты оқу кәсіби қызмет шеңберінде ҒИҚ-ты жоспарлауды, іске асыруды және мониторинг жүргізуді қамтитын басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Жүйелер мен кешендерді модельдеу

Пән кәсіби пәндер цикліне кіреді. Курс келесі бөлімдерден тұрады: жобалаудың интеграцияланған технологиясы, жүйелерді жобалаудың блоктық-иерархиялық тәсілі, микромоделдеу, макромоделдеу, метамоделдеу, типтік математикалық сұлбаларды қолдана отырып жүйелерді моделдеу. Пәнді оқу студенттердің автоматтандырылған жобалау кезінде жүйелерді модельдеу әдіснамасын қалыптастыруға бағытталған.