Электр техниканың теориясы I
Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және инженерлердің кәсіби дайындығының теориялық деңгейін анықтайтын жалпы техникалық пәндер арасында негізгі орын алады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электрлік және магниттік тізбектер теориясы. Тұрақты ток тізбектері. Айнымалы ток тізбектері. Пәнді оқу электрмагниттік үрдістерді моделдеудің заманауи әдістерін, электр тізбектерін талдау, синтездеу және есептеу әдістерін меңгеруге бағытталған.