Шебалина Ольга Андреевна

Пак Юрий

Профессор
«Геология және пайда қазбалар орынын барлау» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67
51+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

6
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1967

инженера-физика

Разделение изотопов и энергетические установки

Басылымдар

Курстар

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Геология геофизикалық зерттеулерде қазіргі заманғы ядролық технологиялар

Пән геофизикалық зерттеулердегі ядролық технологиялар саласындағы кеңейтілген білімді, оларды қолданудың әдістемелік негіздерін қалыптастырады. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: ядролық-физикалық әдістерді қолданудың қағидаттық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері; ядролық-физикалық өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету. Пәнді оқу ядролық-геофизикалық аппаратурамен жұмыс істеу кезінде метрологиялық сипаттамаларды және ядролық технологиялардың жай-күйін бағалау саласындағы дағдыларды тереңдетуге бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау және басқару

Пәннің негізгі бағыты - магистранттардың ғылыми-инновациялық қызметті басқару, оның ішінде оны жоспарлау, іске асыру және дайындық бағыты бойынша мониторинг жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Курс ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау, жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу және коммерцияландыру, ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдерінің мониторингі, ғылыми-инновациялық міндеттің жобалық шешімін қалыптастыру, ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелерін дайындау және жариялау, ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелерін жария қорғауға ұсыну бөлімдерімен ұсынылған. Пәнді оқу ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау, жобаларды коммерцияландыруды зерделеу, ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу, ғылыми-инновациялық міндеттің жобалық шешімін қалыптастыру, ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерін дайындау және жариялау, ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну қабілетіне бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ғылыми-инновациялық қызметті басқару

Пән ғылыми-инновациялық қызметті (ҒИҚ) басқарудың қағидаттары мен әдістерін зерделеуге бағытталған. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ҒИҚ-ты жоспарлау; ҒИҚ-тың эксперименттік деректерін өңдеу және талдау; ҒИҚ-тың техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаларды коммерцияландыру; ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу; эксперименттік-зерттеу міндетінің жобалық шешімін қалыптастыру; ҒИҚ нәтижелерін дайындау және жариялау; ҒИҚ нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну. Курсты оқу кәсіби қызмет шеңберінде ҒИҚ-ты жоспарлауды, іске асыруды және мониторинг жүргізуді қамтитын басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ғылыми зерттеулердің әдістері

Пән ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері туралы тұтас түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Курс келесі бөлімдерден тұрады: ғылыми зерттеу және оның мәні; методология түсінігі; эмпирикалық және теориялық таным әдістері; Ғылыми білімнің әдіснамалық негіздері; ғылымның дамуының негізгі кезеңдері. Курс өзіндік шығармашылық ғылыми жұмысқа дайындалуға және өндіріске жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

Бакалавр

Ғылыми зерттеу негіздері

Пән ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: зерттеудің әдіснамалық сипаттамалары (зерттеу өзектілігінің негіздемесі; зерттеу мәселесі мен тақырыбы; зерттеу мақсаты, объектісі және пәні; зерттеу гипотезасы; зерттеу міндеттері; эксперименттік қызметті бағалау критерийлері); зерттеудің негізгі әдіснамалық сипаттамаларының өзара байланысы; теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері; зерттеуде формализациялаудың статистикалық әдістері мен құралдары. Курсты оқу ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері мен технологиялары туралы базалық білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Докторантура бағыттар бойынша

Ғылыми зерттеу әдістері

Пән кәсіби бағдарламалық кешендерді қолдана отырып, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізудің әдіснамасы мен әдістемесін зерделейді. Пән зерттеу бағытын таңдауға, теориялық және эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыруға, ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу және талдау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ өнертапқыштық қызметтің негіздерін, патенттік ізденісті, зияткерлік меншікті қорғауды және ғылыми әрі ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаттарын меңгеруге бағытталған.