Шебалина Ольга Андреевна

Бокижанов Газиз Иман-Медынович

Старший преподаватель
«Энергетикалық жүйелер» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
15+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

8
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1975

Инженер-электрик

Кибернетика электрических систем

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Электротехника мен электрожетек

Пән электртехникалық жүйелер саласындағы негіз болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: Электртехника және электроника негіздері; электр тізбектері; трансформаторлар; электр машиналары. Курсты оқу электр жүйелерінің электр қондырғыларына қызмет көрсету және пайдалану бойынша жұмыстарды орындау кезінде электр тогының соғуынан қорғау құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Электр техниканың теориясы I

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және инженерлердің кәсіби дайындығының теориялық деңгейін анықтайтын жалпы техникалық пәндер арасында негізгі орын алады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электрлік және магниттік тізбектер теориясы. Тұрақты ток тізбектері. Айнымалы ток тізбектері. Пәнді оқу электрмагниттік үрдістерді моделдеудің заманауи әдістерін, электр тізбектерін талдау, синтездеу және есептеу әдістерін меңгеруге бағытталған.

Бакалавр

Электр машиналары

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және бітірушілердің инженерлік-техникалық қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электр машиналары теориясы, генераторлар, тұрақты ток машиналары, айнымалы ток машиналары. Пәнді оқу студенттердің энергияны электромеханикалық түрлендіру процестерінің теориялық және практикалық білімдерін, электр машиналарының конструкциясын, олардың құрылғыларын, сипаттамаларын, сонымен қатар пайдалану ережелерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Электротехниканың теориялық негіздері II

Пән бакалаврларды теориялық даярлаудың негізін құрайды және инженерлік-техникалық қызметтің іргетасы болып табылады. Курс бөлімдермен ұсынылған: төрт терминалдар, сызықтық электр тізбектеріндегі өтпелі процестер, магниттік тізбектер. Курсты оқу айнымалы токтың сызықты емес тізбектерін модельдеудің заманауи әдістерін, айнымалы токтың сызықты емес тізбектерін талдау, синтездеу және есептеу әдістерін игеруге бағытталған.

Бакалавр

Электр тiзбектер теориясы

Пән электротехникалық құрылғылар мен жүйелер саласындағы бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электрмагниттік өріс теориясының заңдары, электр тізбектеріндегі өтпелі процестер, электр сигналдарын тарату. Пәнді оқу студенттердің электр тізбектерін есептеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Электр қауіпсіздік негіздері және жоғары кернеу техникасы

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды, электр қауіпсіздігі мәселелерін зерделеуде негіз болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: төмен, жоғары кернеулі ток өткізгіш бөліктерді оқшаулау асқын кернеудің түрлері, олардан қорғау Электржабдықтардың оқшаулауын құру.

Бакалавр

Электр энергетикасы

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және инженерлік-техникалық қызметтің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электр энергетикасын дамыту, электр станциялары, электр энергетикалық жүйелер мен желілер, салалар бойынша электрмен жабдықтау, релелік қорғаныс және автоматика негіздері, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері. Пәнді оқу студенттердің электр энергетикасындағы, өнеркәсіп салаларындағы үрдістер мен технологиялар туралы дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.