Шебалина Ольга Андреевна

Ашенбренер Юрий Викторович

Преподаватель
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

11
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2001

Физики. Преподаватель физики и информатики и вычислительной техники

Физика

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Java-да қосымшалар әзірлеу

Пәннің мақсаты-Java платформасында бағдарламалық қамтамасыз етуді құру технологиясын игеру, өндірістің ақпараттық ресурстарын басқару саласында білім, білік және дағды алу. Курс бөлімдермен ұсынылған: Java виртуалды машинасы, негізгі және жетілдірілген Java технологиялары, Java платформасында бағдарламалық қосымшаларды тестілеу және орналастыру.

Бакалавр

Деректер құрылымдары және оларды өңдеу алгоритмдері

Пән студенттердің деректер құрылымдарын ұйымдастыру, программалауда қолданылатын өңдеу алгоритмдері, оларды нақтылау және енгізу, осы алгоритмдерді талдау, алгоритмдер мен деректер құрылымдарының өзара байланысы саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс келесі бөлімдермен берілген: деректер құрылымдары мен алгоритмдері, қарапайым деректер құрылымдары, статикалық, жартылай статикалық, динамикалық деректер құрылымдары, байланыстырылған тізімдер, сызықтық емес деректер құрылымдары.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Big Data шешімдері

Пән магистрлердің кәсіби қызметін дайындаудың ғылыми-іргелі негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: үлкен деректермен жұмыс, Big Data технологиясы, SQL және аналитиканың ішкі жүйелерімен жұмыс. Пәнді оқу магистранттарда күрделі SQL сұраныстарын өңдеу саласында ДББЖ-дан деректерді оқу және сақтау принциптерінде білім мен іскерлікті қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Статистикалық модельдеу және машиналық оқыту

Пән ақпараттың ағындарын талдау мен синтездеуге негізделген бағдарламалық жасақтаманың тұжырымдамалық аппаратын, әдістерін, әдістеме мен технологияларын зерттейді. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: ұғымдық аппараттың негіздері; деректердің ақпараттық ағындарын талдау және синтездеу негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістері мен технологиялары. Пән магистранттарда нақты практикалық міндеттерді шешу үшін деректерді талдау технологиясы және машиналық оқыту саласында білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдері

Пәннің мақсаты - бағдарламалау негіздерін түсіну, бағдарламалық жасақтаманы пайдалану, қолданбалы міндеттерді шешу үшін жедел бағдарламаларды әзірлеудің интеграцияланған орталарын қолдану саласында кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру. Курс стандартты компоненттерді пайдалана отырып, бағдарламалық кодты және интерфейсті жасау үшін бағдарламалау ортасының кең мүмкіндіктерін зерттеу және қолдану бөлімдері болып табылады.

Бакалавр

Бағдарламалық қосымшаларды жобалау

Пән студенттердің бағдарламалық қосымшаларды жобалау процесін ұйымдастыру және оларды енгізу саласында кәсіби теориялық білімдерін дамытуға бағытталған. Курс келесі бөлімдермен берілген: бағдарламалық қосымшаларды жобалау процестері; бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу процестерінің модельдері; бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу әдістемесі.

Бакалавр

Өнеркәсіптік бағдарламалау

Пән студенттердің Java FX, Apache POI, көп ағынды, лямбда өрнектері, Stream API технологияларын қолдану арқылы заманауи өнеркәсіптік бағдарламаларды әзірлеуде теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс келесі бөлімдерде берілген: Java FX технологиясы, технологиясы, Spring Framework жүйесінде мәліметтер қорымен жұмыс істеу, Hibernate технологиялары, Apache POI, желілік және көп ағынды бағдарламалау, ағынды өңдеу.

Бакалавр

Өндірістік практика 2

Өндірістік практиканың мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету; ақпаратты өңдеудің құрал-саймандық құралдарын пайдалану бойынша, автоматтандырылған жүйенің деректерін жаңарту, техникалық сүйемелдеу және қалпына келтіру бойынша регламенттерді орындау бойынша дағдыларды алу; бітірушінің кәсіби біліктерін, болашақ кәсіби және ұйымдастыру-басқару қызметіне тән әртүрлі міндеттерді орындау арқылы нақты өндірістік жағдайларда өзіндік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бакалавр

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

"Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері" пәні таңдалған тілде программалау әдістері мен құралдарын оқытады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: бағдарламалаудың негізгі принциптері, мәліметтерді өңдеу және сақтау. Пән студенттерде бағдарламалық ортаның құралдары мен анықтамалық қызметін қолдана отырып, жоғары деңгейдегі Алгоритмдік тілдерде бағдарламаларды жазу үшін білім мен іскерлікті қалыптастырад.

Бакалавр

Мобильді қосымшаларды әзірлеу және қауіпсіздік

Пән студенттердің мобильді құрылғыларға арналған бағдарламаларды әзірлеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдерін зерттеуге бағытталған. Курстың бөлімдері: mобильді қосымшаларды әзірлеуге кіріспе, интерфейстерді әзірлеу негіздері, заманауи ақпараттық және мобильді қауіптердің ерекшеліктерін зерттеу. Курсты оқу нәтижесінде студенттер мобильді қосымшаларды әзірлеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді және жаңа әзірлемелерді қолдана алады.

Бакалавр

Алгоритмдер және деректер құрылымы

Пән бағдарламалауда қолданылатын мәліметтер құрылымын, олардың сипаттамалары мен орындалуын, деректерді өңдеу алгоритмдерін, алгоритмдер мен деректер құрылымдарының байланысын зерттейді. Курс келесідей бөлімдерден тұрады: сызықтық мәліметтер құрылымы; ағаштар; хэш кестелеріне негізделген мәліметтер құрылымы; сұрыптау алгоритмдері, іздеу алгоритмдері. Пән студенттерде алгоритмдерді құру әдістері мен мысалдарды қолдана отырып, алгоритмдерді құру, тиісті құрылымдарды таңдау, алгоритмдер мен қолданылатын мәліметтер құрылымын жоғары деңгейлі тіл арқылы қолдану арқылы білім мен дағдыларды қалыптастырады.