Шебалина Ольга Андреевна

Медеубаев Нурмухамбет Алмагамбетович

Профессор
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67
36+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

19
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1986

Инженер-преподаватель строительных дисциплин

Строительство

Басылымдар

Курстар

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Бакалавр

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу

Пән өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу саласында студенттерді теориялық даярлаудың бір бөлігі болып табылады. Курс құрамы: технологиялық процестердің қауіпсіздігін ұйымдастыру жүйесі; техникалық реттеу механизмдері; техникалық регламенттердің талаптары. Пәнді оқу студенттерде авариялық жағдайлардың ықтимал себептерін жою бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға, қолданыстағы ережелер мен нормалар негізінде міндетті нұсқаулықтарды дайындауға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Кенді және кенді емес пайдалы қазбаларды өндіру кезінде судың ластануын болдырмау

Пән тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде су ресурстарының сапасын сақтау, қалпына келтіру, жақсарту мәселелері бойынша түсінік қалыптастыруға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: Су ресурстарын басқару саласындағы заңнама (ҚР ЭК, ҚР ШҚ, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс), су ресурстарының ластану түрлері; тау-кен өндіру өнеркәсібінің су ресурстарының жай-күйіне әсері; тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде ластануды қалпына келтіру, азайту, су ресурстарының жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу тәжірибесі

Тәжірибеде теориялық білімдер бекітіледы және тәжірибелік дағдылар алынады: ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша әдебиеттерді шолу, ол тиісті ғылыми басылымдарға негізделген және автоматтандыру саласындағы жетекші сарапшылар алған негізгі нәтижелер мен мәлімдемелерді талдауды қамтиды; экспериментті жоспарлау және жүргізу; диссертациялық жұмыстың нақты материалдарын жинау және өңдеу.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіптік тәуекелдерді басқару және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулықтың зақымдануын тергеп-тексеру, есепке алу және талдау, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібі, медициналық тексерулер жүргізу және ұжымдық жеке қорғаныш құралымен қамтамасыз ету тәртібі, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері.

Бакалавр

Өндірістік практика 2

Өндірістік практиканың мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету; ақпаратты өңдеудің құрал-саймандық құралдарын пайдалану бойынша, автоматтандырылған жүйенің деректерін жаңарту, техникалық сүйемелдеу және қалпына келтіру бойынша регламенттерді орындау бойынша дағдыларды алу; бітірушінің кәсіби біліктерін, болашақ кәсіби және ұйымдастыру-басқару қызметіне тән әртүрлі міндеттерді орындау арқылы нақты өндірістік жағдайларда өзіндік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бакалавр

Диплом алдындағы практика

Пәнді оқытудың мақсаты: диссертация жазу үшін теориялық және практикалық материалдарды жинау және өңдеу. Негізгі бөлімдердің мазмұны: кәсіпорын қызметінің сипаттамасы, өнімнің (қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдау, "кәсіпорын қызметінің жаңа нәтижелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қорытындылар, ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Оқыту нәтижелері: кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қаржылық есептілікті талдау, ұйымның операциялық қызметіне талдау жүргізу және оның нәтижелерін басқару шешімдерін дайындау үшін пайдалану, алынған есептілік және статистикалық деректерді диплом алдындағы практикадан өткені туралы есепті ресімдеу және ұсыну үшін пайдалану.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың заманауи ғылыми тұжырымдамалары

Пән өмір қауіпсіздігі саласындағы кәсіби қызметтің ғылыми-әдістемелік негізін қалыптастыратын бейіндік пән болып табылады. Курс қауіпсіздікті басқарудың заманауи ғылыми тұжырымдамаларын, теориялары мен тәсілдерін зерттеуге, сондай-ақ тәуекелдерді талдау, болжау және басқару құзыреттерін дамытуға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: тіршілік қауіпсіздігі теориялық негіздері; тіршілік қауіпсіздігін басқарудың қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдамалары; қауіпсіздік мәдениеті; қауіпсіздікті басқару жүйелеріндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл; Қазақстан Республикасындағы қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік тұжырымдамасы; қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі адами фактор; қауіптер мен тәуекелдерді талдаудың, бағалаудың және болжаудың қазіргі заманғы әдістері; интеграцияланған еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелері; қауіпсіздікті басқарудың халықаралық стандарттары; қауіпсіздікті басқарудағы цифрландыру, интеллектуалды технологиялар және жасанды интеллект.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ашық әдіспен өндіруге арналған таза технологиялар 2

Пән "жасыл" технологияларды таңдау және енгізу, тасымалдау және бұрғылау-жару жұмыстары кезінде техногендік жүктемені азайту, сондай-ақ суды пайдаланудың тұйық циклдерін ұйымдастыру, үйінділерді қайта өңдеу мүмкіндігін зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: өндіру үшін декарбонизация және баламалы энергетика (оның ішінде Карьерлік көлік үшін); бұрғылау-жару жұмыстарындағы экологиялық технологиялар; шаңды басудың инновациялық технологиялары; сумен жабдықтаудың тұйық циклі; аршылған жыныстарды қайталама шикізат ретінде пайдалану тәсілдері мен әдістері; бұзылған жерлерді қалпына келтіру кезеңі ретінде ішкі үйінді қалыптастыру технологиялары.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Техникалық жүйе қауіпсіздігін қамтамассыз етудің құралдары мен әдістері

Пән техникалық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптардың толықтығын бағалау үшін магистранттарды теориялық даярлаудың бір бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: техникалық жүйелердің қауіпсіздік параметрлері, техникалық жүйелердің жаағдайын диагностикалау, қауіпсіздікті бағалау критерийлері, персоналды қорғаудың техникалық шешімдері. Курсты оқу магистранттардың технологиялық жабдықтар мен процестерді жетілдіру мен жаңғыртуды ғылыми негіздеу бойынша теориялық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ғылыми-инновациялық қызметті басқару

Пән ғылыми-инновациялық қызметті (ҒИҚ) басқарудың қағидаттары мен әдістерін зерделеуге бағытталған. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ҒИҚ-ты жоспарлау; ҒИҚ-тың эксперименттік деректерін өңдеу және талдау; ҒИҚ-тың техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаларды коммерцияландыру; ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу; эксперименттік-зерттеу міндетінің жобалық шешімін қалыптастыру; ҒИҚ нәтижелерін дайындау және жариялау; ҒИҚ нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну. Курсты оқу кәсіби қызмет шеңберінде ҒИҚ-ты жоспарлауды, іске асыруды және мониторинг жүргізуді қамтитын басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Техногендік қауіптілік және тәуекелдік

Пән қауіпсіздік және тәуекел теориясы саласындағы бакалаврлардың теориялық дайындығының бөлігі болып табылады. Курс құрамы: техносферадағы қауіпсіздік және техногенді қауіп, қатерлерді жіктеу, қатердің есептік көрсеткіштері, қатерді талдау және бағалау әдіснамасының негіздері. Курсты оқу бакалаврлардың қауіптерді анықтау және өндірістік тәуекелдерді бағалау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Карьерлер аэрологиясы

Пән ашық әдіспен өндірумен айналысатын тау-кен кәсіпорындарында ауа алмасу саласындағы теориялық оқытудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерде берілген: ашық карьерді желдету схемаларын жобалаудың техникалық және технологиялық шешімдері, карьердің табиғи желдету схемаларының параметрлері, зиянды заттардың концентрациясын санитарлық-гигиеналық нормаларға дейін төмендету үшін ауаның қажетті көлемін есептеу, желдеткіш орнату. ашық карьерді желдетуге арналған желдеткіштердің схемалары, түрі мен саны. Курсты оқып-үйрену аэрологиялық көрсеткіштердің қауіптілік дәрежесін бағалау дағдыларын қалыптастыруға және карьерді табиғи және жасанды желдетуді жобалау үшін есептеулерді орындауға бағытталған.

Бакалавр

Экология және тіршілік қауіпсіздігі

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу еңбекті қорғау жүйесін басқару, кәсіптік тәуекелдерді басқару және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Апатты-құтқару ісі

Пән апаттық-құтқару ісі саласындағы бакалаврларды теориялық даярлаудың бір бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: ТЖ салдарын алдын алу және жою, апаттарды жою жоспарын құру, зақымдалған объектілердің жағдайын бағалау тәсілдері. Курсты оқу студенттерде апаттық-құтқару ісі, ТЖ алдын алу және салдарын жою саласындағы жобалау, инженерлік қызмет бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өнеркәсіптік желдету

Пән өнеркәсіптік желдету жүйелерін есептеу және жобалауды меңгерген бакалаврларды теориялық даярлаудың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: өндірістік желдету түрлері, тарту көздері, желдету жүйелерін есептеу. Пәнді оқу студенттердің өндірістік нысандарды жобалау және желдетуді басқару, ауа өткізгіштердің аэродинамикалық параметрлерін және ауаның қажетті мөлшерін анықтау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Өрт қауіпсіздігі

Пән экономика объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздерін меңгерген бакалаврларды даярлауға негіз болып табылады. Курс құрамы: жану түрлері, өрт-техникалық сыныптама, жүйеге қойылатын талаптар және объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі. Курсты оқыту экономика объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Экология және тіршілік қауіпсіздігі

Пән экологиялық мәдениеттің, қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Студенттердің қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы тәуекелдерді басқарудың тәжірбиелік дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді. Экологиялық заңнама және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы заңнама мәселелерін; тұрақты даму тұжырымдамасын; төтенше жағдайлардың жіктелуін; төтенше жағдайлар жағдайында халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін; республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің негізгі міндеттері мен ұйымдық құрылымын зерделеуді қамтиды.