Шебалина Ольга Андреевна

Оралова Айгуль Турабаевна

Доцент
«Химия және химиялық технология» кафедрасы
№5 ғимарат, Терешкова даңғылы, 19
30+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

12
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1993

химик

Химия

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Химия элементері

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және түлектердің инженерлік-техникалық қызметінің негізі болып табылады. Курс бөлімдерде ұсынылған: атомның құрылымы. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Химиялық байланыс. Комплексті қосылыстар. Электрохимия. Курсты зерттеу зертханалық зерттеу және химиялық заттарды талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Аналитикалық химия

Пән аналитикалық химияның теориялық негіздерін, талдау әдістерін зерттейді. Курс бөлімдермен ұсынылған: сапалық талдаудың теориялық негіздері; химиялық талдаудың негізі ретінде әрекеттесуші массалар заңы; тотығу-тотықсыздану процестері; аналитикалық химиядағы коммплекстүзу; сандық талдау; гравиметриялық әдіс; титриметриялық әдіс; қышқылдық-негіздік титрлеу; тұндыру әдісі, комплексонометрия; сапалық және сандық талдаудың физика-химиялық әдістері; Менделеев кестесіндегі иондардың барлық топтарын талдау Курсты оқу студенттердің заттарға талдау жасауда қолданылатын негізгі тәсілдер туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Аналитикалық химия

Пән аналитикалық химияның теориялық негіздерін, талдау әдістерін зерттейді. Курс келесі бөлімдерден тұрады: сапалық және сандық талдаулар; Менделеев кестесіндегі иондардың барлық топтарын талдау, ерітінділер, концентрация, РН ортасы, титр, буферлік ерітінділер туралы ұғымдар. Курсты оқу студенттердің заттарға талдау жүргізуде қолданылатын негізгі әдістер туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Физикалық және коллоидтық химиясы

Пән физикалық және коллоидтық химияның іргелі теориялық және эксперименттік негіздерін зерттейді. Курс келесі бөлімдерден тұрады: химиялық реакциялардың жылу әсерлері; химиялық реакциялардың жүру механизмі, химиялық реакциялардың кинетикасы; фазалық күйлер және көп компонентті жүйелер; коллоидтық жүйелер мен ерітінділер; көп компонентті сұйықтықтың өзара ерігіштік заңдылықтары, оларды сұйықтықтарды бөлу және еріген заттарды алу үшін пайдалану. Курсты оқу студенттердің физикалық және коллоидтық химия саласындағы білімдерін қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Физикалық химия

Пән қоршаған әлем туралы ғылыми түсінік қалыптастыратын қазіргі жаратылыстану пәндерінің іргелі пәндерінің бірі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: химиялық термодинамика және кинетика, фазалық тепе-теңдік, көп компонентті жүйелер, электрохимия, беттік құбылыстар, адсорбция. Пәнді оқу термодинамика және кинетика, беттік құбылыстар саласындағы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Биотехнологиялық өндірістегі экологиялық қауіпсіздік

Пәнді оқыту мақсаты биотехнологиялық өндірісте экологиялық қауіпсіздік бойынша студенттерді дайындау болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: табиғатты пайдалануда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздікті жүзеге асыру жолдары, биотехнологиядағы қалдықтарды кәдеге жарату, биотехнологияның экологиялық қауіпсіздіктегі рөлі. Курсты оқу студенттердің биотехнологиялық өндірістегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері туралы білімін қалыптастыру.

Бакалавр

Бейорганикалық және аналитикалық химия

Пән бейорганикалық және аналитикалық химияның теориялық негіздері мен мәселелерін қарастырады. Курс келесі бөлімдермен берілген: химияның негізгі заңдары; Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы және қасиеттері; сапалық және сандық талдаулар; Менделеев кестесіндегі иондардың барлық топтарына талдау. Курсты оқу студенттердің химиялық анализдер жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ғылыми зерттеулердің негіздері

Пән білім алушылардың ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, жүргізу және оның нәтижелерін ұсыну бойынша базалық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми мәселені айқындау, мақсат, міндеттер мен гипотезаны тұжырымдау, зерттеу әдістерін таңдау, алынған нәтижелерді өңдеу және түсіндіру, ғылыми мақалалар, жобалар мен бітіру жұмыстарын дайындау мәселелері қарастырылады. Академиялық адалдық пен зерттеу этикасының қағидаттарына, дәйексөз келтіру және дереккөздерді рәсімдеу ережелеріне, плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың алдын алуға, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ғылыми және оқу қызметінде жауапкершілікпен қолдануға ерекше назар аударылады.

Бакалавр

Ғылыми зерттеу негіздері

Пән ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: зерттеудің әдіснамалық сипаттамалары (зерттеу өзектілігінің негіздемесі; зерттеу мәселесі мен тақырыбы; зерттеу мақсаты, объектісі және пәні; зерттеу гипотезасы; зерттеу міндеттері; эксперименттік қызметті бағалау критерийлері); зерттеудің негізгі әдіснамалық сипаттамаларының өзара байланысы; теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері; зерттеуде формализациялаудың статистикалық әдістері мен құралдары. Курсты оқу ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері мен технологиялары туралы базалық білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ғылыми-инновациялық қызметті басқару

Пән ғылыми-инновациялық қызметті (ҒИҚ) басқарудың қағидаттары мен әдістерін зерделеуге бағытталған. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ҒИҚ-ты жоспарлау; ҒИҚ-тың эксперименттік деректерін өңдеу және талдау; ҒИҚ-тың техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаларды коммерцияландыру; ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу; эксперименттік-зерттеу міндетінің жобалық шешімін қалыптастыру; ҒИҚ нәтижелерін дайындау және жариялау; ҒИҚ нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну. Курсты оқу кәсіби қызмет шеңберінде ҒИҚ-ты жоспарлауды, іске асыруды және мониторинг жүргізуді қамтитын басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау және басқару

Пәннің негізгі бағыты - магистранттардың ғылыми-инновациялық қызметті басқару, оның ішінде оны жоспарлау, іске асыру және дайындық бағыты бойынша мониторинг жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Курс ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау, жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу және коммерцияландыру, ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдерінің мониторингі, ғылыми-инновациялық міндеттің жобалық шешімін қалыптастыру, ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелерін дайындау және жариялау, ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелерін жария қорғауға ұсыну бөлімдерімен ұсынылған. Пәнді оқу ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау, жобаларды коммерцияландыруды зерделеу, ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу, ғылыми-инновациялық міндеттің жобалық шешімін қалыптастыру, ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерін дайындау және жариялау, ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну қабілетіне бағытталған.