Шебалина Ольга Андреевна

Юрченко Владислав Владимирович

Старший преподаватель
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
24+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

10
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2020

Магистр технических наук

Приборостроение

1983

горный инженер-электрик

Электрификация и автоматизация горных работ

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Ақпаратты қорғау құралдарын сертификаттау және стандарттау

Пәннің аясында келесі мәселелер қарастырылады: ҚР стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі мен ұйымдастырушылық құрылымдары, ҚР сертификаттау мен стандарттаудың құқықтық негіздері, стандарттау және сертификаттау рәсімдері, АҚ саласында қолданылатын стандарттау мен сертификаттау мақсаттары, АҚ саласындағы стандарттардың функциялары, стандарттау мен сертификаттаудың пәндік салалары, сертификаттау мен сертификаудың нысандары, стандарттарды әзірлеу тәртібі, АҚ саласындағы стандарттардың міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау, АҚ саласындағы стандарттар мен ерекшеліктерге шолу, сондай-ақ құжаттарды ресімдеу. Пәнді оқу ақпараттандыру объектілері мен олардың инфрақұрылымының АҚ қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық қызметті жоспарлау және әдістемелік құжаттаманы қалыптастыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Микропроцессорлы техника

Пән ақпараттық технологиялар саласындағы түлектердің инженерлік-техникалық қызметінің негізі болып табылады. Курстың бөлімдері: микропроцессордың өңдеу бөлімінің құрылымы; микропроцессорды басқару құрылғысы;микропроцессордың типтік логикалық элементтері және функционалдық тораптары; Пәнді оқу студенттердің Микропроцессорлық техника саласындағы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Цифрлық сұлбатехника

Пән бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды және түлектер қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен берілген: цифрлық схемотехниканың логикалық негіздері; комбинациялық және тізбекті функционалдық тораптар; цифрлық АЖ; АСТ және ЦАТ; жартылай өткізгіш СҚ. Курсты оқу студенттердің табысты кәсіби қызмет үшін Білім және құзыреттілік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

ЭЕМ ұйымдастыру

Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер ЭЕМ-нің функционалдық және құрылымдық ұйымдастыру әдістерін қолдана отырып, есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастырудың білімін, іскерлігін және практикалық дағдыларын игеруі тиіс. Курс есептеу машиналарын, жүйелерді, кешендер мен ЭЕМ желілерін функционалды және құрылымдық ұйымдастыру принциптерін, есептеу жүйелері мен желілерін жобалау негіздерін оқытуға бағытталған.

Бакалавр

ЭЕМ желілерінің қауіпсіздігі

Пән компьютерлік желілерді және оларды қорғау механизмдерін басқарудың базалық дағдыларын қарастырады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: виртуалды жергілікті желілер, біррангты желілер, доменді теңшеу, топтық саясат. Пән студенттерде компьютерлік желілерді басқарудың негізгі принциптерін, телекоммуникациялық жабдықтарды баптау және қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырады.

Бакалавр

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар

Курс қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану дағдыларын қалыптастыруға, өзіндік шығармашылық ізденіс жүргізуге және заманауи ақпараттық технологиялар мен олардың даму тенденцияларының мүмкіндіктеріне бағытталған. Пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі үрдістерді және ақпаратты іздеу және сақтау үшін ақпараттық ресурстарды пайдалануды зерттейді. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: қолданбалы бағдарламалар пакеттері, өзіндік шығармашылық ізденісті енгізу және заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері және олардың даму тенденциялары. Интернет.

Бакалавр

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар

Пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі үрдістерді және ақпаратты іздеу және сақтау үшін ақпараттық ресурстарды пайдалануды зерттейді.

Бакалавр

Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету

Пән шеңберінде келесі мәселелер қарастырылады: Қазақстан Республикасындағы АҚ саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің принциптері мен әдістері, Қазақстан Республикасындағы АҚ қамтамасыз етудің институционалдық (ұйымдық) құрылымы; Қазақстан Республикасының АҚ саласындағы заңнамасына және онда АҚ қамтамасыз ету жөнiнде көзделген шаралар мен ақпараттандыру объектiлерiнiң АҚ саласындағы заңнамалық актiлер мен мiндеттi стандарттар талаптарына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне шолу, АҚ саласындағы заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау. Пәнді оқу АҚ қамтамасыз ету процестерін жоспарлау, ақпараттандыру объектісін қорғаудың кешенді жүйесін құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, АҚ бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу, АҚ бөлімшелері пайдаланушылары мен қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру сияқты ұйымдастыру шаралары мен іс-шараларын іске асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.

Бакалавр

Микроэлектроника

Пән бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды және түлектер қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен берілген: жартылай өткізгіштердің физика негіздері; жартылай өткізгіш диодтар және транзисторлар; күшейткіштер және генераторлар; цифрлық интегралды схемалар. Курсты оқу студенттердің табысты кәсіби қызмет үшін білім және құзыреттілік базасын қалыптастыруға бағытталған.