Шебалина Ольга Андреевна

Кызылбаева Эльвира Жанабековна

И.о.доцента
«Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы
№1 ғимарат, Назарбаева даңғылы,56/1
9+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

7
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2013

магистр

Транспорт, транспортная техника и технологии

2005

инженер-механик

Автомобили и автомобильное хозяйство

Басылымдар

Курстар

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Көлік техникасының сенімділік көрсеткіштерін бағалау және болжау

Пән көлік техникасының сенімділік көрсеткіштерін бағалау мен болжаудың теориялық негіздері және заманауи әдістері туралы білім қалыптастыруға бағытталған. Курста істен шығу ықтималдығы, тоқтаусыз жұмыс істеу, ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамдылық және сақталғыштық көрсеткіштерін анықтау, статистикалық деректерді өңдеу, сенімділік модельдерін құру және техникалық жай-күйдің өзгеруін болжау қарастырылады. Көлік техникасының пайдалану сенімділігін арттыру және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үдерістерін негіздеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Бакалавр

Ғылыми зерттеу негіздері

Пән ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: зерттеудің әдіснамалық сипаттамалары (зерттеу өзектілігінің негіздемесі; зерттеу мәселесі мен тақырыбы; зерттеу мақсаты, объектісі және пәні; зерттеу гипотезасы; зерттеу міндеттері; эксперименттік қызметті бағалау критерийлері); зерттеудің негізгі әдіснамалық сипаттамаларының өзара байланысы; теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері; зерттеуде формализациялаудың статистикалық әдістері мен құралдары. Курсты оқу ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері мен технологиялары туралы базалық білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ғылыми зерттеулер негіздері

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Көлік құралдарының бағасын бағалау

Пән көлік құралдарының нарықтық, қалдық және қалпына келтіру құнын бағалау әдістері туралы білім қалыптастыруға бағытталған. Курста көлік құралдарын сәйкестендіру, техникалық жай-күйін диагностикалау, тозу деңгейін анықтау, нарықтық ақпаратты талдау және бағалау есептерін жүргізу мәселелері қарастырылады. Бағалау нәтижелерін негіздеуге, нормативтік талаптарды қолдануға және кәсіби қорытынды дайындауға ерекше назар аударылады.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Көлік құралдарының бағасын бағалау

Пән көлік техникасының негізгі құрауыштарының жалпы құрылымы мен құнын зерттейді. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: автокөлік құралдарына қатысты құнды бағалау әдістемесі; автокөлік құралдарын жөндеу құнын және олардың зақымдануынан келтірілген залалды бағалау әдістемесі. Курсты оқу техникалық объектілердің құнын бағалауды автоматтандыруға мүмкіндік беретін есептеу техникасын, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Көлік техникасының сенімділік көрсеткіштерін бағалау және болжау

Пән көлік техникасының агрегаттары мен тораптарының техникалық жай-күйін болжау және бағалау әдістерін зерделейді. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: көлік техникасының сенімділік көрсеткіштерін болжау және бағалау әдістерін таңдау; көлік машиналарының агрегаттары мен тораптарының істен шығу өлшемдері мен шекті жай-күйін анықтау; болжам нәтижелерін өңдеу. Курсты оқу көлік техникасының жұмыс қабілеттілігін болжау нәтижелерін талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.