Шебалина Ольга Андреевна

Шегетаева Айжан Каиргельдиевна

Старший преподаватель
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56 Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
8+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

9
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2000

Магистр наук

Физика

1998

Преподаватель физики и информатики

Физика

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Ақпаратты қорғау жүйелерін жобалау

Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курста ең кең тараған қауіптер, ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу кезінде шешілетін негізгі аспектілер, қолжетімділікті бақылаудың дискрециялық принципі, сәйкестендіру және аутентификация, әдістемелік негіздер, ақпаратты рұқсатсыз ашудан қорғау кезінде қолданылатын қорғанудың қол жеткізілген деңгейін бағалаудың нормативтік талаптары мен ережелері баяндалған.

Бакалавр

Микропроцессорлы техника

Пән ақпараттық технологиялар саласындағы түлектердің инженерлік-техникалық қызметінің негізі болып табылады. Курстың бөлімдері: микропроцессордың өңдеу бөлімінің құрылымы; микропроцессорды басқару құрылғысы;микропроцессордың типтік логикалық элементтері және функционалдық тораптары; Пәнді оқу студенттердің Микропроцессорлық техника саласындағы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Цифрлық сұлбатехника

Пән бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды және түлектер қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен берілген: цифрлық схемотехниканың логикалық негіздері; комбинациялық және тізбекті функционалдық тораптар; цифрлық АЖ; АСТ және ЦАТ; жартылай өткізгіш СҚ. Курсты оқу студенттердің табысты кәсіби қызмет үшін Білім және құзыреттілік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Компьютерлік ақпаратты қорғау технологиялары

Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: қауіптердің негізгі түрлері; компьютерлік ақпаратты қорғау технологиясының негізгі концепциялары; пайдаланушылар мен процестерді сәйкестендіру және аутентификациялау технологиялары; бағдарламалар мен деректерді криптографиялық қорғау технологиялары. Курсты оқу студенттерге ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері және оларды компьютерлік ақпаратты қорғауды ұйымдастыруда қолдану тәсілдері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ақпаратты қорғау құралдарын сертификаттау және стандарттау

Пәннің аясында келесі мәселелер қарастырылады: ҚР стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі мен ұйымдастырушылық құрылымдары, ҚР сертификаттау мен стандарттаудың құқықтық негіздері, стандарттау және сертификаттау рәсімдері, АҚ саласында қолданылатын стандарттау мен сертификаттау мақсаттары, АҚ саласындағы стандарттардың функциялары, стандарттау мен сертификаттаудың пәндік салалары, сертификаттау мен сертификаудың нысандары, стандарттарды әзірлеу тәртібі, АҚ саласындағы стандарттардың міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау, АҚ саласындағы стандарттар мен ерекшеліктерге шолу, сондай-ақ құжаттарды ресімдеу. Пәнді оқу ақпараттандыру объектілері мен олардың инфрақұрылымының АҚ қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық қызметті жоспарлау және әдістемелік құжаттаманы қалыптастыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Микроэлектроника

Пән бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды және түлектер қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен берілген: жартылай өткізгіштердің физика негіздері; жартылай өткізгіш диодтар және транзисторлар; күшейткіштер және генераторлар; цифрлық интегралды схемалар. Курсты оқу студенттердің табысты кәсіби қызмет үшін білім және құзыреттілік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.

Бакалавр

Операциялық жүйелердің қауіпсіздігі

Пән жүйелік бағдарламалық құралдарды, сервистік бағдарламаларға қызмет көрсететін операциялық жүйелер мен қабықшаларды оқытады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: процестерді басқару, жадты басқару, енгізу-шығару және телекоммуникациялық қатынау, файлдық ішкі жүйе. Пән операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру, ЭЕМ қызметін басқару үшін бағдарламалар құру дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындайды.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.