Электротехника және электроника
Пән білім алушылардың электротехника және электроника саласындағы базалық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және арнайы пәндерді меңгерудің негізі болып табылады. Пән аясында электр тізбегі ұғымы, электротехниканың негізгі заңдары, тұрақты, айнымалы және үш фазалы ток тізбектері, электроника негіздері қарастырылады. Пәнді оқу электр тізбектерін есептеу және құрастыру, сондай-ақ электр өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.