Шебалина Ольга Андреевна

Низаметдинов Наиль Фаритович

И.о.доцента
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67
17+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

19
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2006

горный инженер маркшейдер

Маркшейдерское дело

Басылымдар

Курстар

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен ісіндегі геоақпараттық жүйелер

Пән сілемдерді басқару және ақпараттық өңдеу құралы ретінде компьютерлік бағдарламаларды оқып үйренуді мақсат етеді. Курс келесі бөлімдерде ұсынылған: Геоақпараттық жүйелер туралы түсінік, оның басқа ғылымдармен байланысы. Кеңістіктік деректер модельдері, деректер көздері, деректер қоры және оларды басқару. ГАЖ деректерді талдау және шешім қабылдау құралы ретінде. Деректер қорымен жұмыс. Курс автоматтандырылған геоақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тау-кен-технологиялық және маркшейдерлік міндеттерді шешу кезінде тау-кен кәсіпорны және информатика саласында білім мен біліктілікті тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Маркшейдерлік жұмыстарды автоматизациялық пен метрологиялық қамтамасыздандыру

«Маркшейдерлік жұмыстарды автоматтандыру және метрологиялық қамтамасыз ету» пәні маркшейдерлік жұмыстарды автоматтандыру принциптерін және маркшейдерлік графиканың автоматтандырылған жүйесінің ақпараттық базасын оқып үйренуді мақсат етеді. Курс келесі бөлімдерден тұрады: тау-кен кәсіпорындарында аспапты маркшейдерлік бақылаулардың автоматтандырылған жүйесін жасау. Маркшейдерлік жұмыстарда GPS-жүйелерді пайдалану. Тау-кен сілемін лазерлік сканерлеу. Курс геодезиялық жабдықтарды метрологиялық аттестаттаудан өткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Кен орнының геометриясы және жер қойнауы квалиметриясы

Пән қатты пайдалы қазбаларды пайдалану барлау, өндіру, өңдеу саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратты зерделеуді мақсат етіп қояды. Курс келесі бөлімдерде ұсынылған: Пайдалы қазбалар қорларын өңдеу кезінде олардың жылжуын басқару. Пайдалы қазбалар қорлары және олардың параметрлері мен жіктелуі. Пайдалы қазбаларды өндіруді жедел есепке алуды маркшейдерлік бақылау. Курс тау-кен өндірісі мен жер қойнауының квалиметрия мәселелерін шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылған әдістері және лазерлік сканерлеу

Пән геодезиялық өлшеулердің заманауи құралдары мен аспаптарын, түсірудің автоматтандырылған әдістерін, Геодезиялық өлшеулерді өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді, жергілікті жердің жерүсті-ғарыштық түсірілімдерін зерделейді. Курс бөлімдерден тұрады: заманауи геодезиялық аспаптар, бағдарламалық қамтамасыз ету кешендері, технологиялар және оларды қолдану әдістері. Курсты оқу геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылған технологияларын пайдалану дағдыларын игеруге және алынған геодеректерді өңдеуді жүзеге асыруға бағытталған.

Бакалавр

Маркшейдерлік-геодезиялық өлшемдерді автоматтандыру

Пәнді оқыту мақсаты:: жобалау, салу және пайдалану кезеңдерінде тау-кен өндірісін қамтамасыз ету кезінде маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар өндірісінде перспективті автоматтандырылған технологияларды қолдануды үйрену; Негізгі бөлімдердің мазмұны: топографиялық түсірілімдерді жасау үшін маркшейдерлік-геодезиялық желілерді құру, түсірудің автоматтандырылған әдістері, автоматтандырылған бағдарламалық кешендердеөлшеу нәтижелерін өңдеу, жоспар құру әдістері, жердің сандық моделі. Оқу нәтижесі: маркшейдерлік өлшеулердің нәтижелерін өңдей және түсіндіре білу, сондай-ақ геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылған технологияларын пайдалана отырып, маркшейдерлік-геодезиялық есептерді шеше білу.

Бакалавр

ПҚК игеру кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыздандыру

Пәнді меңгеру мақсаты маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау, нормативтік талаптарға сай жер беті мен жер қойнауының, тау-кен-техникалық жүйелердің, жерасты және жер бетіндегі құрылымдарының жағдайының кеңістікті – мерзімді сипаттамаларын анықтау, жер қойнауын игеру мен қорғаудың барлық кезеңдерінде тау-кен жұмыстарының дамуын жоспарлауды және тау-кен қазбаларының, ғимараттардың, құрылымдардың және жерүсті құрылымдарының жағдайын маркшейдерлік бақылауды жүзеге асыру және маркшейдерлік және геодезиялық жұмыстардың жобаларын жасау бойынша білімді қалыптастыру болып табылады. Негізгі бөлімдер мазмұны: тау-кен кәсіпорындарында маркшейдерлік жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері; жер бетінде, шахта және ашық кеніштерде маркшейдерлік түсірілім объектілері; тірек және түсіріс желілері, оларды құру тәсілдері, реконструкциялау және дамыту; маркшейдерлік түсірілім түрлері және оларды орындау принциптері. Оқыту нәтижелері: болмыстық бақылауларды жүзеге асырудың жобаларын, құралдары мен әдістерін, оларды қолдану, өңдеу және нәтижелерін түсіндіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Маркшейдерлік өлшемдерді математикалық өңдеу

«Маркшейдерлік өлшемдерді математикалық өңдеу» пәні геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу бойынша теориялық негіздерге және практикалық дағдыларға оқытуды мақсат етеді. Курста геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу теориясының принциптері, геодезиялық өлшеулердің дәлдігін бағалау әдістері қарастырылады. Курс өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу әдістерін; есептеуіш техникада сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, теңестіруші есептеулерді меңгеруге бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Геомеханика

«Геомеханика» пәні тау-кен жыныстарындағы физикалық процестерді зерттеуді; кен орындарын игеру кезінде жер бетінің деформациялануын және тау-кен қазбаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, шараларды болжау және жасау мақсатын қояды. Курс келесі бөлімдерде ұсынылған: Тау-кен жыныстары үлгілерінің механикалық қасиеттері. Тау-кен жыныстарында кернеулер мен деформациялар. Деформация. Деформация түрлері. Тау-кен жыныстарының серпімді қасиеттері. Тау жыныстарының үлгілерінің жылу қасиеттері. Курс тау-кен өндірісінің нақты мәселелерін шешуде есептеулерді жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ғылыми зерттеулердің негіздері

Пән білім алушылардың ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, жүргізу және оның нәтижелерін ұсыну бойынша базалық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми мәселені айқындау, мақсат, міндеттер мен гипотезаны тұжырымдау, зерттеу әдістерін таңдау, алынған нәтижелерді өңдеу және түсіндіру, ғылыми мақалалар, жобалар мен бітіру жұмыстарын дайындау мәселелері қарастырылады. Академиялық адалдық пен зерттеу этикасының қағидаттарына, дәйексөз келтіру және дереккөздерді рәсімдеу ережелеріне, плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың алдын алуға, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ғылыми және оқу қызметінде жауапкершілікпен қолдануға ерекше назар аударылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен сілемінің жай-күйіне маркшейдерлік мониторинг жүргізу

«Тау-кен сілемінің жай-күйіне маркшейдерлік мониторинг жүргізу» пәні ашық әдіспен пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру кезінде кемерлер мен ашық кеніш жағдауының қабырғаларының тұрақтылығын сенімді анықтау мақсатын қояды. Курс келесі бөлімдерде ұсынылған: Геологиялық-маркшейдерлік қамтамасызданудың мониторингі ғылыми негіздері ашық кеніш беткейлердің тұрақтылығы жағдайын қамтамасыз етеді.Ашық кеніш жағдау маңы массивтердің геомеханикалық мониторинг жүйесін құру. Курс таужыныстардың құрамы мен қасиеттерінің инженерлік және геологиялық сипаттамаларын зерттеуде практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен сілемінің жағдайын басқару

«Тау-кен сілемінің жағдайын басқару» пәні таужыныстар массивінің жағдайын басқарудың тиімді әдістерін анықтайды, тиісінше, нақты тау-кен және геологиялық жағдайлары және технологиялық үрдістерді анықтау мақсатын қояды. Курс келесі бөлімдерде ұсынылған: Тегіс және көлбеу қабаттардың кенүңгірлі-тірек жүйесін дамытудағы тау жыныстары қысымын басқару. Тегіс кен орындарын қайта өңдеу кезінде тау жыныстары қысымын басқару. Тау жыныстары массивінің мониторингі. Курс тау-кен қазбаларында кернеуді анықтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған; қазба жұмыстары кезінде таукен қысымының көріністерін анықтау.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

ЖТЖ-да тау-кен сілемінің жай-күйін модельдеу

«ЖТЖ-да тау-кен сілемінің жай-күйін модельдеу» пәні қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын техникалық-экономикалық бағалауды және тау-кен кәсіпорындарының тиімділігін анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс келесі бөлімдерде ұсынылған: Тау-кен сілемінің кернеулі-деформациялық күйін модельдеу. Курс технологиялық үрдістерді модельдеу және ЖТЖ жабдығының өнімділік көрсеткіштерін есептеуді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Геодезия

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының бір бөлігі болып табылады және бітірушілердің инженерлік-техникалық қызметінің іргетасы болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: жергілікті жердің топографиялық түсірілімдерін жүргізу тәсілдері. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Ірі масштабтағы топографиялық жоспарлар мен карталарды құру және қоюландырудың жоспарлы және биіктік желілерін құру әдістері. Курсты оқу ірі масштабты түсірілімдердің геодезиялық және түсірілім негіздемесін жасау бойынша топографиялық-геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Геодезия және топографиялық түсіріс

Пән геодезия мен топографияда қолданылатын координаттар жүйесін (географиялық, тікбұрышты, полярлы); ірі масштабты жоспарларды, құрылыс пен сәулеттің бас жоспарларын жасауды; мемлекеттік геодезиялық желіні құру тәсілдерін зерттейді. Экономика салалары бойынша жоспарлар мен карталар жасау кезіндегі геодезиялық жұмыстардың түрлері, инженерлік ізденістердің түрлері; қауіпті табиғи және технотабиғи процестердің даму аудандарындағы жер бетінің бедерін және тау жыныстарының қалыңдығын зерттеу.

Бакалавр

ПҚК игеру кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыздандыру

Пәнді меңгеру мақсаты маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау, нормативтік талаптарға сай жер беті мен жер қойнауының, тау-кен-техникалық жүйелердің, жерасты және жер бетіндегі құрылымдарының жағдайының кеңістікті – мерзімді сипаттамаларын анықтау, жер қойнауын игеру мен қорғаудың барлық кезеңдерінде тау-кен жұмыстарының дамуын жоспарлауды және тау-кен қазбаларының, ғимараттардың, құрылымдардың және жерүсті құрылымдарының жағдайын маркшейдерлік бақылауды жүзеге асыру және маркшейдерлік және геодезиялық жұмыстардың жобаларын жасау бойынша білімді қалыптастыру болып табылады. Негізгі бөлімдер мазмұны: тау-кен кәсіпорындарында маркшейдерлік жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері; жер бетінде, шахта және ашық кеніштерде маркшейдерлік түсірілім объектілері; тірек және түсіріс желілері, оларды құру тәсілдері, реконструкциялау және дамыту; маркшейдерлік түсірілім түрлері және оларды орындау принциптері. Оқыту нәтижелері: болмыстық бақылауларды жүзеге асырудың жобаларын, құралдары мен әдістерін, оларды қолдану, өңдеу және нәтижелерін түсіндіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Бакалавр

Маркшейдерлік-геодезиялық өлшемдерді автоматтандыру

Пәнді оқыту мақсаты:: жобалау, салу және пайдалану кезеңдерінде тау-кен өндірісін қамтамасыз ету кезінде маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар өндірісінде перспективті автоматтандырылған технологияларды қолдануды үйрену; Негізгі бөлімдердің мазмұны: топографиялық түсірілімдерді жасау үшін маркшейдерлік-геодезиялық желілерді құру, түсірудің автоматтандырылған әдістері, автоматтандырылған бағдарламалық кешендердеөлшеу нәтижелерін өңдеу, жоспар құру әдістері, жердің сандық моделі. Оқу нәтижесі: маркшейдерлік өлшеулердің нәтижелерін өңдей және түсіндіре білу, сондай-ақ геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылған технологияларын пайдалана отырып, маркшейдерлік-геодезиялық есептерді шеше білу.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Деформациялық процесстерге мониторинг жасау үшін геодинамикалық полигонды жобалау

Пән геодинамикалық өзгерістерге байланысты табиғи және техногендік объектілердегі деформациялық процестердің параметрлерін анықтау және анықтау әдістерін зерттеуді мақсат етеді. Жер бетінің жылжуына мониторинг жүргізу үшін геодинамикалық көпбұрыштар мен математикалық модельдер жасау әдістерін зерттеуге негізделген.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Педагогикалық практика

Педагогикалық практика білім алушыларды тиісті мамандық бойынша педагогикалық қызметке даярлауға бағытталған. Педагогикалық практикада білім алушылар ЖОО-дағы педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен; педагогикалық тапсырмалардың көлемі мен сипатымен; ЖОО-дағы нақты педагогикалық қызметтің оқытушыға қоятын талаптарымен танысады. Практикадан өту педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.