Тау жыныстарының қозғалысы
оқытушылық іс-әрекеттерде
2026 жыл
Маркшейдерское дело
Пәнді оқыту мақсаты: геодезиялық аэрофотототүсіруді жобалау кезінде міндетті іс-шараларды зерттеу, тану белгілерінің теңдестірілген жүйесін құру. Негізгі бөлімдердің мазмұны: топографиялық және аэрофотототүсірілім үшін геодезиялық негіз құру әдістері, ГГС, ГСС, СГС. Оқыту нәтижесі: ұшу-түсіру жұмыстарын орындау үшін белгілер мен маркалардың орналасуы бойынша жобаны құру тәсілдері туралы білім алу.
Пән тау-кен жұмыстарын жоспарлаудың міндеттері мен кезеңдерін оқытады. Ашық тау-кен жұмыстарын жоспарлау әдістемесі. Тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының есептік шамаларын анықтау: кемердің биіктігін, экскаваторлық кіру енін, көлік және жұмыс алаңдарын, өндіру және аршу экскаваторлардың нормативі. Жоспарлы пайдалану шығындарын, геоақпараттық жүйелерді пайдалана отырып пайдалы қазбаны өндіруді анықтау.
Тәжірибеде теориялық білімдер бекітіледы және тәжірибелік дағдылар алынады: ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша әдебиеттерді шолу, ол тиісті ғылыми басылымдарға негізделген және автоматтандыру саласындағы жетекші сарапшылар алған негізгі нәтижелер мен мәлімдемелерді талдауды қамтиды; экспериментті жоспарлау және жүргізу; диссертациялық жұмыстың нақты материалдарын жинау және өңдеу.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.
Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.
Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.
Пән бағдарламалық кешендерді пайдалана отырып, жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде практикалық, сондай-ақ бағдарланған міндеттерді шешу кезінде спутниктік технологияларын; жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын, жаһандық жерсеріктік топтамалар туралы арнайы білім жүйесін, жайғастырудың жерсеріктік жүйелерінің (ГЛОНАСС, GPS,GALILEO, COMPAS) жұмысын, дифференциалды бақылау және мониторинг (СДКМ,SBAS) жүйелерін зерделейді. Жерді зондтау мәселелерін шешуде дербес бағдарламалық кешендер.
Пәннің негізгі бағыты - магистранттардың ғылыми-инновациялық қызметті басқару, оның ішінде оны жоспарлау, іске асыру және дайындық бағыты бойынша мониторинг жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Курс ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау, жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу және коммерцияландыру, ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдерінің мониторингі, ғылыми-инновациялық міндеттің жобалық шешімін қалыптастыру, ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелерін дайындау және жариялау, ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелерін жария қорғауға ұсыну бөлімдерімен ұсынылған. Пәнді оқу ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау, жобаларды коммерцияландыруды зерделеу, ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу, ғылыми-инновациялық міндеттің жобалық шешімін қалыптастыру, ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерін дайындау және жариялау, ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну қабілетіне бағытталған.
Педагогикалық практика білім алушыларды тиісті мамандық бойынша педагогикалық қызметке даярлауға бағытталған. Педагогикалық практикада білім алушылар ЖОО-дағы педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен; педагогикалық тапсырмалардың көлемі мен сипатымен; ЖОО-дағы нақты педагогикалық қызметтің оқытушыға қоятын талаптарымен танысады. Практикадан өту педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған.
Пән топографиялық деректерді алу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, геодезиялық аэрофототүсірілімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курстың негізгі бөлімдері: ҰҰА түрлері, топографиялық түсірілім өндірісінде ҰҰА мүмкіндіктері және практикалық қолданылуы. Пәнді жүргізу барысында білім алушы ҰҰА қолдана отырып, геодезиялық аэрофототүсірілімді орындауды зерделейді