Шебалина Ольга Андреевна

Сулеев Бахтияр Даниярович

И.о.доцента
«Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы
№1 ғимарат, Назарбаева даңғылы,56/1
14+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

7
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2014

магистр

Транспорт, транспортная техника и технологии

2012

Магистр в области услуг

Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта

2010

бакалавр

Транспорт, транспортная техника и технологии

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Көтергіш- тасымалдау жабдықтары

"Көтергіш- тасымалдау жабдықтары" пәнінің мақсаты студенттердің байыту фабрикаларында байытылған өнімдерін өңдеу және қоймалау кезінде көтергіш тасымалдау жабдықтары туралы білім алуы, сондай-ақ негізгі конструктивтік элементтердің құрылғыларын, үздіксіз жұмыс істейтін машиналардың пайдалану және есептеу параметрлерін зерттеу болып табылады.

Бакалавр

Көлік техникасының энергетикалық қоңдырғылары

Пән көлік техникасының энергетикалық қондырғыларын пайдалану бойынша бакалаврларды дайындау негізін құрайды. Пәннің бөлімдері: көлік техникасының энергетикалық қондырғыларының мақсаты, жіктелуі, жұмыс істеу принципі және құрылысы, оларды пайдалану ерекшеліктері; көлік техникасының энергетикалық қондырғыларында өтетін процестердің көрсеткіштері; көлік техникасының энергетикалық қондырғыларының техникалық-экономикалық және экологиялық сипаттамаларын жақсарту жолдары. Пәнді оқу студенттердің энергетикалық қондырғыларды пайдалану дағдылары мен біліктерін олардың мақсатына, сипаттамаларына және пайдалану шарттарына сәйкес қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.

Докторантура бағыттар бойынша

Технологиялық процестерді жобалау және оңтайландыру

Пәннің негізгі бағыты – өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы технологиялық процестерді әзірлеу, талдау және жетілдіру. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: технологиялық процестерді жобалауға кіріспе; процестерді талдау және модельдеу; технологиялық процестерді жобалау; технологиялық процестерді оңтайландыру; технологиялық жүйелер және олардың компоненттері; жобалаудағы ақпараттық технологиялар; процестердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі; технологиялық процестерді жобалаудың тенденциялары мен болашағы.

PhD докторы

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертация орындау

Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу тәжірибесі

Тәжірибеде теориялық білімдер бекітіледы және тәжірибелік дағдылар алынады: ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша әдебиеттерді шолу, ол тиісті ғылыми басылымдарға негізделген және автоматтандыру саласындағы жетекші сарапшылар алған негізгі нәтижелер мен мәлімдемелерді талдауды қамтиды; экспериментті жоспарлау және жүргізу; диссертациялық жұмыстың нақты материалдарын жинау және өңдеу.