Шебалина Ольга Андреевна

Аубакирова Гульнара Муслимовна

Профессор
«Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасы
№1 ғимарат, Назарбаева даңғылы,56/1
6+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

11
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1983

инженер экономик

Экономика и организация машиностроительной промышленности

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың келісім қатынастарын реттеу

Пәнді оқыту мақсаты: студенттерде нарықтық экономиканың әртүрлі салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қатына-старды шарттық реттеудің теориясы мен тәжірибесі саласындағы білім мен құзыреттер кешенін қалыптастыру. Негізгі бөлімдердің мазмұны: шарттық қатынастардың мәні; шаруашылық (кәсіпкерлік) шарттың функциялары; кәсіпкерлік келісімдер жүйесі; кәсіпорындардың практикалық шаруашылық қызметінде шарттық құқықтың мазмұны мен практиканың қолданылуы. Оқу нәтижесі: кәсіпкерлік (шаруашылық) шарттарды жасау үшін нормативтік материалдармен өз бетінше жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру.

Бакалавр

Тау-кен өнеркәсібіндегі деректерді талдау және болжау

Пәннің негізіне тау-кен кәсіпорнының экономикалық ақпаратын болжамдық-аналитикалық әдістер мен тәсілдердің көмегімен өңдеу дағдыларын алу жатады. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: математикалық-аналитикалық талдау арқылы экономикалық есептерді модельдеудің әдіснамалық принциптері мен тәсілдері, статистикалық талдау арқылы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың теориялық негіздері, aналитикалық ақпаратты өңдеу әдістері. Пәнді оқу тау-кен өнеркәсібі деректерінің үлкен массивтерімен жұмыс істеу, оларды жүйелеу және экономикалық түсіндіру дағдыларын дамытуға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Өнеркәсіптегі лизингтік операцияларды басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздері

Пән өнеркәсіптегі лизингтік операцияларды басқару мәселелері бойынша магистранттарды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: лизингтің мәні және қаржыландырудың дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда артықшылықтары, лизинг нысандары, лизинг қатынастарын мемлекеттік реттеу. Курс магистранттардың өнеркәсіпте лизингтік операцияларды басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Зертеу практикасы таңдалған мәселе бойынша ғылыми зертеуді орындалуға бағыталған. Мавгистранттардын теориялық білімдерін нығайту және терендету, өзіндік жұмысының дағдыларын менгеру және дамыту. Магистерлік диссертацияны орындау және доктрант ретінде ғылыми қызметін жалғастыру үшін үлкен маңызды ие.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Қоршаған орта экономикасы және тұрақты даму

Пән "Қоршаған орта экономикасы және тұрақты даму" MBA тыңдаушыларының тұрақты даму саласындағы стратегиялық ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Жаһандық және салалық экономикаға экологиялық факторлардың әсері туралы жан-жақты түсінікті, сондай-ақ ESG және тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, тиімді корпоративтік және инвестициялық стратегияларды әзірлеу үшін заманауи экономикалық талдау құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесі

Пән педагогикалық дайындықтың негізін құрайды және бітірушілердің кәсіби қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: педагогикалық үрдісті басқару, оқу үрдісінің негізгі формаларында ойлау қызметін белсендірудің әдістемелік тәсілдері . Курс педагогикалық үдерісті басқарудың жалпы түсініктері мен элементтерін қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен өнеркәсібіндегі банкроттықты талдау мен диагностикалаудың заманауи әдістері

Пән тау-кен өнеркәсібіндегі банкроттықты талдау және диагностикалау саласындағы магистранттарды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: кәсіпорындардың банкроттығының түсінігі, түрлері және себептері, банкроттықтың пайда болу ықтималдығын жедел болжау модельдері, банкроттық ықтималдығын есептеу. Курсты оқу тау-кен өнеркәсібінде банкроттықты талдау және диагностикалау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен кәсіпорнының инвестициялық-инновациялық қызметін ұйымдастыру

Пән тау-кен кәсіпорнының инвестициялық-инновациялық қызметін ұйымдастыру саласында магистранттарды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс инновациялық қызметті жоспарлау әдістері мен технологиялары, инновациялық жобаларды болжау, тау-кен кәсіпорнының инвестициялық-инновациялық қызметінің тиімділігін талдау және бағалау бөлімдерімен ұсынылған. Курс тау-кен кәсіпорнының инвестициялық-инновациялық қызметін ұйымдастырудың практикалық дағдыларын алуға мүмкіндік береді

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Өнеркәсіптегі эккаунтинг

Пән басқару есебінің қазіргі бағыттары саласында магистранттарды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: шешім қабылдау процесін қолдау жүйесі, қолдау жүйесі ақпарат беру тәсілдерін өзгерту жүйесі, көрсеткіштерді іріктеу бизнес стратегиясымен келісілген барлық деңгейдегі менеджмент жұмысының тиімділігі. Курс басқарушылық есептің заманауи бағыттарын қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік жобаны орындау