Шебалина Ольга Андреевна

Иранғаип Сания Рустамқызы

Ассистент
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67
6+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

10
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2020

Магистр технических наук

Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды

2018

Бакалавр техники и технологий

Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Экология және тіршілік қауіпсіздігі

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу еңбекті қорғау жүйесін басқару, кәсіптік тәуекелдерді басқару және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы

Пән еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария негіздерін меңгерген бакалаврларды теориялық даярлаудың бір бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: өндірістік шу және діріл; өнеркәсіптік улану және концерагендер; жасөспірімдер мен әйелдердің еңбегін қорғау. Пәнді оқу студенттердің өндірістік улар мен концерагендерді анықтау және өнеркәсіптік химиялық заттармен улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбек қорғау басқару жүйесі

Пән - кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесін (ЕҚБЖ) дамытуда бакалаврларды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: ЕҚБЖ құру принциптері, ЕҚБЖ элементтері, ЕҚБЖ жұмыс істеуін бақылау, еңбекті қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс жасауға ынталандыру. Курсты оқу студенттерде кәсіпорында ЕҚБЖ енгізу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау

Пән қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу мәселелері бойынша бакалаврларды теориялық даярлаудың бір бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: сараптама жүргізу тәртібі, сараптама қорытындысын ресімдеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын сараптау. Курсты оқу студенттердің сараптамалық құжаттарды құрастырудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбек жағдайына байланысты өндірістік объектілерді аттестациялау

Пән еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттауды өткізудің теориялық білімін алуға бағытталған Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: еңбек жағдайларын бағалаудың гигиеналық критерийлері, жұмыс орындарын аттестациялауды өткізуді ұйымдастыру, еңбек процесінің ауырпалығы мен қауырттылығын бағалау. Курсты оқу студенттердің гигиеналық критерий бойынша еңбек жағдайы класын анықтау дағдысын қалыптастырады

Бакалавр

Еңбек физиологиясы және психологиясы

Пән физиология және еңбек психологиясы саласындағы бакалаврларды теориялық даярлаудың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: жұмыс қабілеттілік, өндірістік шаршау, қоршаған орта жағдайына ағзаның бейімделуі, эргономика, еңбек қызметіндегі адамның психикалық процестері. Курсты оқыту қызметкердің, жұмыс орнының және өндірістік ортаның физиологиялық сипаттамаларын ескере отырып, студенттердің кәсіби қауіптерді бағалау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіптік тәуекелдерді басқару және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғаудың басқару жүйесі. Өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария. Қауіпсіздік техникасы. Өрт қауіпсіздігі.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән студенттерге еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша білім алуға мүмкіндік беруді оқытуға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: Еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, Еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеуі, денсаулықтың зақымдануын тексеру, есепке алу және талдау, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу тәртібі, медициналық тексерулер жүргізу және ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік. Курсты оқу студенттердің еңбекті қорғау жүйесін және қызметкерлердің кәсіби тәуекелдерін басқарудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулықтың зақымдануын тергеп-тексеру, есепке алу және талдау, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібі, медициналық тексерулер жүргізу және ұжымдық жеке қорғаныш құралымен қамтамасыз ету тәртібі, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері.