Шебалина Ольга Андреевна

Югай Вячеслав Викторович

Заведующий кафедрой
«Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
16+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

7
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2007

магистр электроэнергетики

Электроэнергетика

2004

горный инженер-электрик

Электроснабжение и электрификация

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Математикалық есептер және электрэнергетика жүйелерін сәйкестендіру

Курс математикалық есептерді шешу және электр энергетикалық жүйелердің элементтерін сәйкестендіру білімдері мен дағдыларын дамытады. Негізгі бөлімдер: электр энергетикалық есептерді шешудің түрлері мен әдістері, электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сәйкестендіру зерттеулерінің нәтижелерін өңдеу, математикалық модельдер мен процестердің сипаттамаларын алу үшін есептеу эксперименттерін әзірлеу. Курс электр жүйелерін зерттеуге және жобалауға бағытталған.

Бакалавр

Электр энергетикадағы математикалық есептеулер және компьютерлік моделдеу

Курс электр энергетикасында бірнеше математикалық есептерді шешу және модельдеу дағдыларын қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: электр энергетикалық есептерді шешудің түрлері мен әдістері, электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру, жұмыс сенімділігінің берілген дәрежесімен жүйелердің пайдалану шығындарын азайту, электрмен жабдықтау элементтерін тиімді орналастыру және резервтеу. Пәнді оқу электр техникалық жүйелерді зерттеу мен жобалауға бағытталған.

PhD докторы

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертация орындау

Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.

Бакалавр

Автоматтандырылған жобалау жүйелері

Курс басқару жүйелерін автоматтандырылған жобалау үшін қосымшалар пакеттерін пайдалануда білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: сатылар және жобалау стратегиясы, бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері, инженерлік нысандарды компьютерлік жобалау үшін бағдарламалық пакеттерді қолдану. Зерттеу курсы түрлі процестердің енгізілген цифрлық басқару жүйелерін жобалауға бағытталған.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Автоматтандыру және басқару локалды жүйелері

Пәндер уақыт және жиілік саласындағы талдау әдістерін және жергілікті жүйелердің тұрақтылығын зерттеуге бағытталған. Негізгі бөлімдер: типтік реттегіштермен жүйелердің тұрақтылық аймақтарын анықтау әдістері, тербелістің түбірлік немесе жиілік көрсеткіштері бойынша реттеушінің оңтайлы параметрлерін есептеу. Пән технологиялық процестерді басқару жүйелерін жобалау мен сервистік қамтуына бағытталған.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Өнеркәсіптік автоматтандырылған кешендерді (АТК) жобалау негіздері (конвейерлік желілерді жылдамдық бойынша реттеу)

Курс конвейерлік желілердің мысалында АТК жобалау кезеңдерінің мазмұны туралы білімдерді қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: конвейерлер мен электр жетектерінің жұмыс режимдері, ленталық конвейерлерді есептеу, тұрақты және айнымалы тоқ электр жетектерінің түрлері, электр жетектерін реттеу әдістері, электр жетектерін басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, векторлы басқарылатын конвейерлердің асинхронды электр жетегін есептеу. Курсты оқып үйрену АТК-ны жобалауға және пайдалануға арналған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Техникалық жүйелерді автоматтандыру және энергия үнемдеу технологиялары

Пән - екі семестрлiк.Пән техникалық жүйелерді автоматтандыру туралы және ол арқылы энергияны үнемдеуді қамтамасыз ету білімдерін қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: ТЖ-ді автоматтандыру құралдары мен басқару объектілері, үздіксіз және дискретті ТЖ-ді реттеу, ТЖ-ді логикалық және оңтайлы басқару, энергия тиімділігін арттыру үшін технологиялық машиналарды және процестерді автоматтандыру. Курсты оқып үйрену ТЖ-ді автоматтандыру арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған.