Шебалина Ольга Андреевна

Калияскарова Айжан Жасулановна

Доцент
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67
21+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

10
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2002

магистр

Прикладная экология

1999

инженер-эколог

Прикладная экология

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Экология және тіршілік қауіпсіздігі

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу еңбекті қорғау жүйесін басқару, кәсіптік тәуекелдерді басқару және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Бакалавр

Еңбек қорғау басқару жүйесі

Пән - кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесін (ЕҚБЖ) дамытуда бакалаврларды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: ЕҚБЖ құру принциптері, ЕҚБЖ элементтері, ЕҚБЖ жұмыс істеуін бақылау, еңбекті қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс жасауға ынталандыру. Курсты оқу студенттерде кәсіпорында ЕҚБЖ енгізу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен өнеркәсібі үшін экологиялық бағалау және түгендеу әдістері 2

Пән тау-кен өнеркәсібі қызметінен түсетін экологиялық жүктемені бағалау және есептеу бойынша қолданбалы дағдыларды; ең үздік қолжетімді техниканы (ҮҚТ) енгізе отырып, экологиялық жобалау бойынша дағдыларды; тау-кен саласында экологиялық рұқсат беру құжаттамасын ресімдеу және табиғатты қалпына келтіру іс-шараларын жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған:тау-кен кәсіпорындарындағы әсер ету көздерін түгендеу кезіндегі әдістер (карьерлер, қималар, қалдық қоймалар, үйінділер); ҮҚТ енгізу; тау-кен саласы кәсіпорындарында рұқсат беру экологиялық құжаттамасын ресімдеу тәртібі; мониторингтің автоматтандырылған жүйелерін, өндірістік экологиялық бақылауды қоса алғанда, экологиялық әсер ету мониторингі; бұзылған жерлер үшін рекультивациялық жұмыстарды зерттеу және жобалау және таратудан кейінгі мониторинг.

Бакалавр

Өндіріс ортасының параметрлерін бақылау әдістері мен құралдары

Пән метрология және өндірістік орта параметрлерін бақылау негіздерін меңгерген бакалаврларды даярлаудың теориялық негізі болып табылады. Курс құрамы: өлшеу құралдары, олардың жұмыс істеу принципі; өлшем қателіктері; өндірістік орта параметрлерін зерттеу әдістері мен құралдары. Курсты оқу студенттердің өндірістік орта параметрлерін бақылау үшін заманауи өлшеу құралдарын қолдану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу тәжірибесі

Тәжірибеде теориялық білімдер бекітіледы және тәжірибелік дағдылар алынады: ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша әдебиеттерді шолу, ол тиісті ғылыми басылымдарға негізделген және автоматтандыру саласындағы жетекші сарапшылар алған негізгі нәтижелер мен мәлімдемелерді талдауды қамтиды; экспериментті жоспарлау және жүргізу; диссертациялық жұмыстың нақты материалдарын жинау және өңдеу.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіптік тәуекелдерді басқару және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен өнеркәсібі үшін экологиялық бағалау және түгендеу әдістері 1

Пән тау-кен өнеркәсібінің ластану көздерінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін түгендеу және бағалау мәселелері бойынша білімді қалыптастыруға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: экологиялық заңнама, Қоршаған ортаның ластану көздеріне түгендеу жүргізу кезеңдері; қоршаған ортаның жай-күйіне әсерді бағалауды жүргізу тәртібі.

Бакалавр

Диплом алдындағы практика

Пәнді оқытудың мақсаты: диссертация жазу үшін теориялық және практикалық материалдарды жинау және өңдеу. Негізгі бөлімдердің мазмұны: кәсіпорын қызметінің сипаттамасы, өнімнің (қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдау, "кәсіпорын қызметінің жаңа нәтижелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қорытындылар, ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Оқыту нәтижелері: кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қаржылық есептілікті талдау, ұйымның операциялық қызметіне талдау жүргізу және оның нәтижелерін басқару шешімдерін дайындау үшін пайдалану, алынған есептілік және статистикалық деректерді диплом алдындағы практикадан өткені туралы есепті ресімдеу және ұсыну үшін пайдалану.

Бакалавр

Экология және тіршілік қауіпсіздігі

Пән экологиялық мәдениеттің, қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Студенттердің қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы тәуекелдерді басқарудың тәжірбиелік дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді. Экологиялық заңнама және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы заңнама мәселелерін; тұрақты даму тұжырымдамасын; төтенше жағдайлардың жіктелуін; төтенше жағдайлар жағдайында халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін; республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің негізгі міндеттері мен ұйымдық құрылымын зерделеуді қамтиды.