Шебалина Ольга Андреевна

Ожигин Дмитрий Сергеевич

И.о.доцента
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67
10+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

10
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2013

магистр

Маркшейдерское дело

2011

бакалавр

Горное дело

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

ЖҚЗ қолдану арқылы жер бетінің мониторингі

Пән жер бетінің мониторингі үшін ЖҚЗ әдістерін зерде-лейді. Курс жер бетін мониторингтеу мақсатында қашықтықтан зондтау деректерін алудың, өңдеудің және таныстырудың қазіргі заманғы әдістері, жүйелері мен технологиялары туралы кәсіби білімді қалыпта-стыруға бағытталған.

Бакалавр

Кеңістіктік деректердің топографиялық мониторингі

Пән жер бетіндегі кеңістіктік объектілердің орнала-суындағы өзгерістерді зерттейді. Курс топографиялық карталарды жаңарту процесін оңтайландыру мақсатында топографиялық монито-рингтің құралдарын, әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған. Білім алушы спутниктік бейнелерді өңдеу үшін бағдарламалық және техника-лық құралдарды пайдалану дағдыларын меңгереді.

Бакалавр

ЖҚЗ қолдану арқылы геодезиялық өлшеулердің қазіргі заманғы әдістері

Пән геодезиялық тірек желісін салуға және дамытуға арналған заманауи геодезиялық аспаптардың құры-лысы мен жұмыс принципін білу мен түсінуді зерт-тейді. Бөлу жұмыстарының әдістерін таңдау, инже-нерлік ізденістер туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, өңдеу және есепке алудың заманауи автоматтанды-рылған технологияларын пайдалану қабілеті

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Спутниктік навигациялық жүйелер

Пән GPS қабылдағыштарының әр түрлі типтерін және оларды геодезиялық жұмыстардың әр түрлі сатыларында қолдану мүмкіндігін зерттеуді, GPS жерсеріктік жүйесінің көмегімен орналасқан орнын анықтауға негізделген позициялаудың қазіргі заманғы жүйелерінің теориялық, әдістемелік және технологиялық негіздерімен танысуды мақсат етеді.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Аэроғарыштық суреттерді өңдеу жүйелерін талдау

Пән ENVI, SNAP, GAMMA, Photomod Radar, Sentinel-2 Toolbox-ты зерттейді, аэроғарыштық суреттерді өңдеу жүйелерін олардың қолданылуына, әртүрлі салаларда талап етілетін дәлдікке байланысты талдайды: жерге орналастыру, кадастрлық іс, тау-кен өндірісі, архитектура, сәулет және құрылыс. Курс автоматтандырылған жүйенің теориялық және практикалық бөлігіндерді мен мүмкіндіктерін қарастырады.

PhD докторы

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертация орындау

Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.

Бакалавр

ҰҰА топотүсіру технологиясы

Пән топографиялық деректерді алу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, геодезиялық аэрофототүсірілімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курстың негізгі бөлімдері: ҰҰА түрлері, топографиялық түсірілім өндірісінде ҰҰА мүмкіндіктері және практикалық қолданылуы. Пәнді жүргізу барысында білім алушы ҰҰА қолдана отырып, геодезиялық аэрофототүсірілімді орындауды зерделейді

Бакалавр

Өндірістік практика 2

Өндірістік практиканың мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету; ақпаратты өңдеудің құрал-саймандық құралдарын пайдалану бойынша, автоматтандырылған жүйенің деректерін жаңарту, техникалық сүйемелдеу және қалпына келтіру бойынша регламенттерді орындау бойынша дағдыларды алу; бітірушінің кәсіби біліктерін, болашақ кәсіби және ұйымдастыру-басқару қызметіне тән әртүрлі міндеттерді орындау арқылы нақты өндірістік жағдайларда өзіндік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.