Шебалина Ольга Андреевна

Омарова Балнур Алтынсаровна

Доцент
«Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасы
№1 ғимарат, Назарбаева даңғылы,56/1
4+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

10
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1984

экономист

Экономика и планирование материально-технического снабжения

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Өндірісті басқару және нәтижелердің тиімділігі

Пәнді оқыту мақсаты: өндірісті басқару саласында білім алу, өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау. Негізгі бөлімдердің мазмұны: Өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың дәстүрлі моделінің алғы шарттары, жүйелік негіздері және айрықша сипаттамалары; икемді ағындардың заманауи тұжырымдамасы; біріктірілген өндіріс жүйелері; ұйымның сапасын және өндірістік жүйелердің тиімділігін интеллектуалды бағалау. Оқу нәтижесі: өндірісті басқару мәселелерін шешу және оны нарық жағдайында дамыту тәжірибесі.

Бакалавр

Тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық-инновациялық қызмет

Пән тау-кен өнеркәсібінде инвестициялық және инновациялық қызметті жүзеге асыру саласындағы теориялық дайындықтың негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық-инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау; инвестициялық жобалардың тиімділігі. Курсты оқу тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық-инновациялық қызметті бағалау әдістерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Тау-кен өнеркәсібіндегі тәуекелдерді басқару

Пәннің мақсаты тау-кен өнеркәсібінде тәуекелдерді басқару теориясы мен практикасы саласында іргелі және практикалық кәсіби даярлықты алу болып табылады. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарын басқару теориясы мен практикасының мәселелері тәуекел жағдайында. Курсты зерделеу тау-кен өнеркәсібінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тәуекелдерді басқару әдістері мен құралдарын пайдалануға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Сапаны және инновациялық жобалардың бәсекеге қабілеттілігің басқару

Пән инновациялық жобалардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін басқару саласында магистранттарды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: инновациялық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (тұтынушылық құндылық деңгейі); инвесторлар мен қоғам үшін жоба нәтижелерінің тиімділігі; жоба менеджментінің сапасы (жобаны басқару процесінің сапасы). Курс магистранттарда инновациялық жобаларды сараптау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі

Пән ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мәселелерін шешуде ғылыми көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Курс келесі бөлімдерден тұрады: халықаралық нарықтардағы тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік өндірісі, жаһандық бәсекеге қабілеттілік факторлары. Курсты оқу елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеудің практикалық дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді

Бакалавр

Өндірістік практика 2

Өндірістік практиканың мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету; ақпаратты өңдеудің құрал-саймандық құралдарын пайдалану бойынша, автоматтандырылған жүйенің деректерін жаңарту, техникалық сүйемелдеу және қалпына келтіру бойынша регламенттерді орындау бойынша дағдыларды алу; бітірушінің кәсіби біліктерін, болашақ кәсіби және ұйымдастыру-басқару қызметіне тән әртүрлі міндеттерді орындау арқылы нақты өндірістік жағдайларда өзіндік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Инновациялық жобалардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігің басқару

Пән инновациялық жобалардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін басқару саласында магистранттарды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: инновациялық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (тұтынушылық құндылық деңгейі); инвесторлар мен қоғам үшін жоба нәтижелерінің тиімділігі; жоба менеджментінің сапасы (жобаны басқару процесінің сапасы). Курс магистранттарда инновациялық жобаларды сараптау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өнеркәсіптегі инвестициялық-инновациялық қызмет

Пән өнеркәсіпте инвестициялық және инновациялық қызметті жүзеге асыру саласындағы теориялық дайындықтың негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: өнеркәсіптегі инвестициялық-инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау; инвестициялық жобалардың тиімділігі. Курсты оқу өнеркәсіптегі инвестициялық-инновациялық қызметті бағалау әдістерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өнеркәсіптік кәсіпорынның тәуекелдерін басқару

Пәннің мақсаты өнеркәсіптік кәсіпорында тәуекелдерін басқару теориясы мен практикасы саласында іргелі және практикалық кәсіби дайындық алу болып табылады. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: тәуекел жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындарының басқарудың теориясы мен практикасының мәселелері. Курсты оқу өнеркәсптік кәсіпорындарында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тәуекелдерді басқару әдістері мен құралдарын пайдалануға бағытталған.