Құқық негіздері, Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән білім алушылардың құқықтық дүниетанымын қалыптастыруға, қоғамдық және моральдық-құқықтық сананы жаңғырту жағдайында Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретінде белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға бағытталған. Пән аясында құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі ұғымдары, олардың міндеттері, функциялары мен қоғамдағы рөлі, құқық салалары және олардың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Пәнді оқу нормативтік құқықтық актілерді кәсіби қызметте және нақты практикалық жағдайларда қолдану бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар теңдік, кемсітпеу, адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, инклюзивті өзара іс-қимылдың құқықтық және этикалық негіздері, академиялық адалдық, кәсіби және сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері зерделенеді.