Шебалина Ольга Андреевна

Альменов Кусаин Сентбаевич

Преподаватель
«Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасы
№1 ғимарат, Назарбаева даңғылы,56/1
1+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

9
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1971

инженер-строитель

Промышленное и гражданское строительство

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Ғылыми зерттеу негіздері

Пән ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: зерттеудің әдіснамалық сипаттамалары (зерттеу өзектілігінің негіздемесі; зерттеу мәселесі мен тақырыбы; зерттеу мақсаты, объектісі және пәні; зерттеу гипотезасы; зерттеу міндеттері; эксперименттік қызметті бағалау критерийлері); зерттеудің негізгі әдіснамалық сипаттамаларының өзара байланысы; теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері; зерттеуде формализациялаудың статистикалық әдістері мен құралдары. Курсты оқу ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері мен технологиялары туралы базалық білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Металл конструкциялары (к.ж/ж)

Пән ғимараттар мен үймереттердің көтергіш металл конструкцияларын жобалау, құрастыру және есептеу негіздерін оқытуға бағытталған. Курс келесі бөлімдерден тұрады: статикалық және динамикалық жүктемелердің әсеріне конструкциялардың беріктігін, қаттылығын, тұрақтылығын есептеу; металл конструкциялардың және олардың қосылыс элементтерінің қабысу тораптары; ҚР құрылыс нормалары. Курсты оқу ҚР қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес МК және МКД бөліктерінің жұмыс сызбаларын жасау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Металл конструкциялары

Пән ғимараттар мен үймереттердің көтергіш металл конструкцияларын жобалау, құрастыру және есептеу негіздерін оқытуға бағытталған. Курс келесі бөлімдерден тұрады: статикалық және динамикалық жүктемелердің әсеріне конструкциялардың беріктігін, қаттылығын, тұрақтылығын есептеу; металл конструкциялардың және олардың қосылыс элементтерінің қабысу тораптары; ҚР құрылыс нормалары. Курсты оқу ҚР қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес МК және МКД бөліктерінің жұмыс сызбаларын жасау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Құрылыс конструкцияларының автоматтандырылған есептері

Пән құрылыс конструкцияларын автоматтандырып есептеудің негізгі әдістерін зерттеудің негізін қалапушы болып табылады Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ғимараттар мен үймереттердің есептік схемаларын қалыптастыру қағидаттары; бастапқы деректерді жасау және есептеу нәтижелерін түсіндіру қағидалары. Пәнді оқу Лира-Сапр көпфункционалды есептеу кешенінде ғимараттардың жобалау схемаларын құру және есептеулерді орындаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ғылыми зерттеулердің негіздері

Пән білім алушылардың ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, жүргізу және оның нәтижелерін ұсыну бойынша базалық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми мәселені айқындау, мақсат, міндеттер мен гипотезаны тұжырымдау, зерттеу әдістерін таңдау, алынған нәтижелерді өңдеу және түсіндіру, ғылыми мақалалар, жобалар мен бітіру жұмыстарын дайындау мәселелері қарастырылады. Академиялық адалдық пен зерттеу этикасының қағидаттарына, дәйексөз келтіру және дереккөздерді рәсімдеу ережелеріне, плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың алдын алуға, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ғылыми және оқу қызметінде жауапкершілікпен қолдануға ерекше назар аударылады.

Бакалавр

Құрылыстағы стандарттау негіздері

Пән стандарттау объектісіне қатысты негізгі ережелер мен принциптерді оқуға бағытталған. Курс келесі бөлімдерде берілген: құрылыстағы стандарттау деңгейлері – ұйымдастырушылық, әдістемелік және жалпы техникалық стандарттар, құрылыстың негізгі өнімдеріне стандарттар жинақтары, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өнеркәсібі өнімдерінің стандарттар жинақтары; құрылыстағы сертификаттау жүйесі; құрылыс өнімдерін, жұмыстарды, қызметтерді, салаларды және құрылыстағы сапа жүйесін сертификаттаудың негізгі принциптері мен тәртібі. Курсты оқу техникалық реттеу, стандарттау, сапа менеджменті саласында тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға, құрылыс индустриясында өнім өндіруге және қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін прогрессивті техникалық шешімдерді қабылдауға бағытталған.

Бакалавр

Ғылыми зерттеулердің әдістері

Пән ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері туралы тұтас түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Курс келесі бөлімдерден тұрады: ғылыми зерттеу және оның мәні; методология түсінігі; эмпирикалық және теориялық таным әдістері; Ғылыми білімнің әдіснамалық негіздері; ғылымның дамуының негізгі кезеңдері. Курс өзіндік шығармашылық ғылыми жұмысқа дайындалуға және өндіріске жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

Бакалавр

Темірбетон және тас конструкциялар (к.ж/ж)

Пән ҚР қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес темірбетон және тас конструкцияларын жобалау, есептеу және құрастыру ерекшеліктерін оқып білуге бағытталған. Курс келесі бөлімдерден тұрады: статикалық және динамикалық жүктемелердің әсеріне конструкциялардың беріктігін, қаттылығын, орнықтылығын есептеу; азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың темірбетон және тас конструкцияларын жобалау бойынша конструктивтік талаптар. Курсты оқу темірбетон және тас конструкцияларын жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Құрылыстағы тексеру және сынау сапасын бақылау

Пәнді оқу ғимараттар мен үймереттерді монтаждау, тексеру, сынау сапасын бақылау саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Курсты оқу жиі кездесетін ерекше жағдайларды дұрыс бағдарлауға, ғимараттар мен үймереттердің резервтерін анықтауға және барынша пайдалануға, оларды пайдаланудың оңтайлы режимін жүзеге асыруға мүмкіндік береді