Ғылыми зерттеулердің негіздері
Пән білім алушылардың ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, жүргізу және оның нәтижелерін ұсыну бойынша базалық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми мәселені айқындау, мақсат, міндеттер мен гипотезаны тұжырымдау, зерттеу әдістерін таңдау, алынған нәтижелерді өңдеу және түсіндіру, ғылыми мақалалар, жобалар мен бітіру жұмыстарын дайындау мәселелері қарастырылады. Академиялық адалдық пен зерттеу этикасының қағидаттарына, дәйексөз келтіру және дереккөздерді рәсімдеу ережелеріне, плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың алдын алуға, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ғылыми және оқу қызметінде жауапкершілікпен қолдануға ерекше назар аударылады.