Ақпаратты қорғау жүйелерін жобалау
Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курста ең кең тараған қауіптер, ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу кезінде шешілетін негізгі аспектілер, қолжетімділікті бақылаудың дискрециялық принципі, сәйкестендіру және аутентификация, әдістемелік негіздер, ақпаратты рұқсатсыз ашудан қорғау кезінде қолданылатын қорғанудың қол жеткізілген деңгейін бағалаудың нормативтік талаптары мен ережелері баяндалған.