Желілік ақпараттық технологияларды қорғау
Пән студенттердің желілік ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін меңгеруіне арналған. Курстың бөлімдері: желілік қауіпсіздік моделі, сымды және сымсыз жергілікті желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдері, желіаралық қауіпсіздік. Курсты оқу студенттердің қазіргі заманғы бағдарламалық-аппараттық құралдарды қолдана отырып, компьютерлік желілерді қорғау бойынша білімі мен іскерлігін қалыптастыруға бағытталған.