Шебалина Ольга Андреевна

Аманов Айдос Нурланович

Преподаватель
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

6
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2025

Магистр технических наук

Вычислительная техника и программное обеспечение

2023

Бакалавр в области ИКТ

Системы информационной безопасности

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Деректер қорына кіріспе

Пән студенттерге қызметтің кез келген саласында кеңінен таралған мәліметтерді өңдеуге байланысты базалық білім береді. Курстың бөлімдері: деректер қорының негізгі концепциялары, ДҚБЖ, деректер модельдері, деректер базасын жобалау. Пәнді оқу студенттерге концептуалды модельдерді жобалаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға, ДҚ жүзеге асыруға және олармен жұмыс істеу интерфейстерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Компьютерлік ақпаратты қорғау технологиялары

Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: қауіптердің негізгі түрлері; компьютерлік ақпаратты қорғау технологиясының негізгі концепциялары; пайдаланушылар мен процестерді сәйкестендіру және аутентификациялау технологиялары; бағдарламалар мен деректерді криптографиялық қорғау технологиялары. Курсты оқу студенттерге ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері және оларды компьютерлік ақпаратты қорғауды ұйымдастыруда қолдану тәсілдері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Криптография

Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: симметриялық және асимметриялық криптографиялық жүйелер; криптографиялық хаттама. RSA криптожүйесі; блоктық шифрлар, ағын шифрлары, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), хеш-функциясы. Курсты оқу студенттерге компьютерлік ақпаратты криптографиялық қорғаудың технологиялары мен тәсілдері туралы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Жүйелік бағдарламалау

Пән операциялық жүйелердің құрамдас бөліктерінің белгіленуін және оның әр түрлі элементтерінің қызмет ету принциптерін оқытады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: ағындар мен үрдістерді басқару, үдерістер арасындағы деректер алмасу, ерекшеліктерді құрылымдық өңдеу, файлдарды жадта көрсету. Пән студенттерде операциялық жүйенің функцияларын қолдана отырып бағдарлама құрастыра білуді қалыптастырады.

Бакалавр

Деректер қорының қауіпсіздігі

Пән студенттерге қазіргі заманғы ДҚБЖ құралдарымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында базалық білім береді. Курстың бөлімдері: ДҚ құпиялылығын, тұтастығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету құралдары, қолжетімділікті басқару модельдері, транзакция механизмі, ДҚ қауіпсіздік жүйесінің аудиті. Курс студенттерде деректер қорының қауіпсіздік саясатын жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 2