Шебалина Ольга Андреевна

Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич

Преподаватель
«Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
1+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

9
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1980

инженер металлург

Металлургия цветных металлов

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Металлургиялық үрдістердiң теориясы

Пән металлургиялық өндірісте өтетін физика-химиялық процестердің теориялық негізі болып табылады. Пән термодинамиканы, металлурги-ялық үрдістердің механизмі мен кинетикасын оқытады. Курс келесі бөлімдермен берілген: сыртқы факторларға байланысты физика-химиялық процестерді талдау, тепе-теңдік шарттары, реакция-ның жекелеген реагенттерінің концентрациясы. Процестер механизмі. Пәнді оқу металлургиялық процестер саласында қойылған міндеттерді шешу үшін операцияларды басқару білігін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

ферроқорытпаларды өндіру технологиясының негіздері

Пән ферроқорытпа өндірісінің шикізат және отын базасын, шикізатқа қойылатын талаптарды, шикізат пен отын сапасының технологиялық процеске әсерін; ферроқорытпалардың құрамы мен қасиеттерін зерттейді. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: ферроқорытпа процестерінің түрлері, ферросилиций өндіру технологиясы, феррохром өндіру технологиясы, ферротитан өндіру технологиясы, ферроалюминий өндіру технологиясы, ферроқорытпа пештері Курсты оқу ферроқорытпаларды өндірудің және балқыту технологиясын басқарудың негізгі әдістерін қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Құю өндірісінде қалдықтарды қайта өндеу

Пән құю өндірісінде техногенді қалдықтарды тиімді пайдаланудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын қарастырады. Курс бөлімдер бойынша ұсынылған: құймаларды алудың технологиялық процестерінде материалдық ресурстарды пайдалануды талдау. Құю өндірісінің технологиялық процестерін жүзеге асыру кезінде қалдықтардың пайда болуы. Қормалау және сырықтық қоспаларды, қалыптар мен өзектерді дайындау кезіндегі ресурс - және энергия үнемдеу. Курсты оқу материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеу үшін құймаларды, технологиялық процестерді бақылау кезінде құю өндірісінің қалдықтарын пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Металлургиялық өндірісте қалдықтарды қайта өндеу

Пән қара металлургия қалдықтарын өңдеу бойынша өндіріс экологи-ясының талаптарына сәйкес металлургиялық цехтар мен кәсіпорын-дарды жобалау принциптерінің негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: металлургиялық цехтар мен қара металлургия қалдықтарын техногенді шикізатты қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды қайта жаңарту. Техногенді шикізатты пайдаланатын шағын металлургиялық агрегаттар мен кәсіпорындардың жабдықтары мен конструкциялары. Курсты оқу металлургиялық өндіріс қалдықтарын өңдеу технологи-ясын таңдау білігін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Түсті металдар мен қорытпалар өндірісінің металлургиясы

Пән түсті металдар мен қорытпаларды алудың технологиялық процестерінің теориялық негіздерін қарастырады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: түсті металдарды алуға арналған шикізат; түсті металдар кендерін байыту; металлургиялық өңдеуге шикізат материалдарын дайындау; түсті металдар металлургиясы. Курсты оқу түсті металдар мен олардың қорытпаларын алудың қазіргі заманғы тәсілдерін таңдау, түсті металдар металлургиясы бойынша есептерді шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Докторантура бағыттар бойынша

Докторанттың ғылыми зерттеу жұмысы, тағылымдаманы өтуімен қоса докторлық диссертацияны жасауы

Докторантура бағыттар бойынша

Өндірістік тәжірибе

PhD докторы

Металлургия өндірісінің теориясы мен технологиясының қазіргі даму тенденциялары

Пәннің негізгі бағыты - заманауи металлургия өндірісінде білім алу. Курс секцияларда ұсынылған: металлургиялық өндірістің ғылыми-технологиялық даму тенденциялары; металл өндіру технологиясы саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің жетістіктері мен нәтижелері. Пән металлургиялық өндірістің технологиялық дамуы туралы идеяларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Металлургия өндiрiсiнiң технологиясы

Пән қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларын өндірудің теориялық және технологиялық процестерінің түсініктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Курс келесі бөлімдерден тұрады: металлургиялық үрдістердің теориялық негіздері; домна өндірісінің жалпы сипаттамасы; болат және ферроқорытпа өндірісі; түсті металдарды алудың пиро-, гидро - және электрометаллургиялық тәсілдері. Пәнді оқу табиғи қосылыстардан металдарды шығару үшін теориялық негіздерді қолдану, металға белгілі бір қасиеттер беру мақсатында оларды одан әрі қайта өңдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.