Бакалавр
Жобалау-зерттеу қызметі
Пәннің мақсаты – студенттердің өз мамандығы бойынша жобалық-зерттеу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру. Курс келесі бөлімдерден тұрады: жасанды интеллект негіздері және оның құрылыс саласындағы қолданылуы; құрылыс саласындағы статистикалық деректерді талдау принциптері мен әдістері; жобалау және құрылыс процестерінде қолданылатын заманауи цифрлық технологиялар мен құралдар; ғимараттардың ақпараттық модельдеу (BIM) әдістемелері және олардың ЖИ-мен интеграциясы; дипломдық жұмыс/жобаны орындаудың жалпы ережелері, зерттеудің әдістемелік сипаттамалары, зерттеу ресурстары, зерттеу кезеңдерінің құрылымы мен мазмұны, дипломдық жұмыс/жобаны рәсімдеу ережелері, дипломдық жұмыс/жобаның библиографиясы, қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі. Курсты оқу барысында студенттер мәліметтерді талдау және жобалау үшін бағдарламалау және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді; құрылыс тапсырмаларын шешуде машиналық оқыту алгоритмдері мен басқа ЖИ әдістерін қолдануды; деректер мен талдау нәтижелерін визуализациялау және оларды мүдделі тараптарға ұсынуды; құрылыс объектілерінің техникалық жағдайын бақылау үшін IT құрылғылар мен сенсорларды тиімді пайдалануды; зерттеу қызметін жоспарлау, экономикалық құбылыстарды зерттеу нәтижелерін өңдеу және рәсімдеуді; жобалық-зерттеу тапсырмаларын шешу жолдарын әзірлеуді; зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсынуды үйренеді.