Шебалина Ольга Андреевна

Нурмашова Мейрамкуль Оразалыкызы

Преподаватель
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

6
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2021

Магистр технических наук

Информационные системы

2019

Бакалавр техники и технологий

Информационные системы

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Криптография

Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: симметриялық және асимметриялық криптографиялық жүйелер; криптографиялық хаттама. RSA криптожүйесі; блоктық шифрлар, ағын шифрлары, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), хеш-функциясы. Курсты оқу студенттерге компьютерлік ақпаратты криптографиялық қорғаудың технологиялары мен тәсілдері туралы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Кодтау негіздері

Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврларды теориялық және практикалық дайындаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерде берілген: ақпарат теориясының негіздері, дискретті арна бойынша беру кезінде ақпаратты кодтау, тиімді кодтау, шусыз арнада кодтау, ақпаратты цифрлық қысу әдістері. Курсты зерделеу студенттердің коммуникациялық арналар арқылы ақпаратты кодтау және беру технологиялары мен әдістері туралы білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар

Курс қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану дағдыларын қалыптастыруға, өзіндік шығармашылық ізденіс жүргізуге және заманауи ақпараттық технологиялар мен олардың даму тенденцияларының мүмкіндіктеріне бағытталған. Пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі үрдістерді және ақпаратты іздеу және сақтау үшін ақпараттық ресурстарды пайдалануды зерттейді. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: қолданбалы бағдарламалар пакеттері, өзіндік шығармашылық ізденісті енгізу және заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері және олардың даму тенденциялары. Интернет.

Бакалавр

Big Data технологиялары

"Big Data технологиялары" пәні студенттердің Big Data технологиялары мен инфрақұрылымының негізгі қағидаттарын, тәсілдері мен бағыттарын меңгеруіне бағытталған. Курстың бөлімдері: деректердің өмірлік циклі; метадеректер; Big Data; Big Data басқару жүйелері; Big Data өңдеу жүйесінің архитектурасы; деректермен жұмыс істеуге арналған параллель алгоритмдер; Big Data үшін бағдарламалық платформалар және жүйелер; Big Data өңдеуге арналған жабдық. Курсты оқу студенттердің үлкен көлемдегі деректерді өңдеу және талдау жүйелерін әзірлеу және пайдалану саласында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ақпарат теориясы

Пән ақпаратты түрлендіру мен берудің заманауи технологиялары туралы теориялық білімді зерттейді. Курстың бөлімдері: білімді ресми түрде ұсыну; ақпарат түрлері; ақпаратты өлшеу әдістері; ақпаратты қысу; кодтау. Пәннің мақсаты білім алушыларда ақпаратты кодтаудың, қысудың, қалпына келтірудің және сақтаудың заманауи технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бакалавр

Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету

Пән шеңберінде келесі мәселелер қарастырылады: Қазақстан Республикасындағы АҚ саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің принциптері мен әдістері, Қазақстан Республикасындағы АҚ қамтамасыз етудің институционалдық (ұйымдық) құрылымы; Қазақстан Республикасының АҚ саласындағы заңнамасына және онда АҚ қамтамасыз ету жөнiнде көзделген шаралар мен ақпараттандыру объектiлерiнiң АҚ саласындағы заңнамалық актiлер мен мiндеттi стандарттар талаптарына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне шолу, АҚ саласындағы заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау. Пәнді оқу АҚ қамтамасыз ету процестерін жоспарлау, ақпараттандыру объектісін қорғаудың кешенді жүйесін құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, АҚ бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу, АҚ бөлімшелері пайдаланушылары мен қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру сияқты ұйымдастыру шаралары мен іс-шараларын іске асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.