Сапа аудиті
Пән бакалаврлардың технологиялық дайындығының бір бөлігін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: аудиттің мақсаттары мен міндеттері, аудитке қатысушылар, аудитті жүргізуге қойылатын талаптар, аудит қағидаттары, аудит бағдарламасы, аудитті жоспарлау және жүргізу сәйкессіздіктердің градациясы, аудит бойынша есептілікті дайындау, аудиторлар жұмысының техникасы мен әдістері. Курсты оқу сапа аудитін жүргізу саласында дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.