Шебалина Ольга Андреевна

Тажина Арайлым Мухтаровна

Преподаватель
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

4
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2017

Магистр естественных наук

Информатика

2008

Информатик

Информатика

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар

Курс қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану дағдыларын қалыптастыруға, өзіндік шығармашылық ізденіс жүргізуге және заманауи ақпараттық технологиялар мен олардың даму тенденцияларының мүмкіндіктеріне бағытталған. Пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі үрдістерді және ақпаратты іздеу және сақтау үшін ақпараттық ресурстарды пайдалануды зерттейді. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: қолданбалы бағдарламалар пакеттері, өзіндік шығармашылық ізденісті енгізу және заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері және олардың даму тенденциялары. Интернет.

Бакалавр

Бағдарламалау бойынша практикум

Пән құрылымдық бағдарламалау әдістерін, алгоритмдеу әдістемесін, бағдарламалар мен олардың құрамдас бөліктерін әзірлеу құралдарын, бағдарламаларды жөндеу әдістерін және бағдарламалық құжаттаманы жобалауды зерттейді. Курс келесі бөлімдермен берілген: символдық массивтер мен жолдар, жолды іздеу алгоритмдері, құрылымдар мен біріктірулер, деректер құрылымдарымен жұмыс істеу, форматталған деректерді енгізу және шығару, файлдар мен деректер ағындары, деректерді енгізу/шығару қателерін өңдеу. Пән студенттердің жоғары деңгейлі тілдерді пайдалана отырып, дұрыс құрылымдық алгоритмдерді құру және оларды тиімді бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастырады.

Бакалавр

Алгоритмдер және деректер құрылымы

Пән бағдарламалауда қолданылатын мәліметтер құрылымын, олардың сипаттамалары мен орындалуын, деректерді өңдеу алгоритмдерін, алгоритмдер мен деректер құрылымдарының байланысын зерттейді. Курс келесідей бөлімдерден тұрады: сызықтық мәліметтер құрылымы; ағаштар; хэш кестелеріне негізделген мәліметтер құрылымы; сұрыптау алгоритмдері, іздеу алгоритмдері. Пән студенттерде алгоритмдерді құру әдістері мен мысалдарды қолдана отырып, алгоритмдерді құру, тиісті құрылымдарды таңдау, алгоритмдер мен қолданылатын мәліметтер құрылымын жоғары деңгейлі тіл арқылы қолдану арқылы білім мен дағдыларды қалыптастырады.

Бакалавр

Web-қосымшаларды әзірлеу және қауіпсіздік

Пән интернет-технологиялар мен Web-қосымшаларды ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу негіздерін, Web-қосымшаларға шабуылдардың негізгі түрлерін жіктеуді, қорғалған Web-қосымшаларды жобалау және әзірлеу негіздерін зерделейді. Курс келесідей бөлімдермен ұсынылған: Web-технологиялар туралы негізгі мәліметтер, OWASP жіктемесі бойынша осалдықтар, Web-қосымшалардың негізгі осалдықтары және қорғау тәсілдері, Web-қосымшаларды қауіпсіз әзірлеу негіздері, Web-қосымшалардың қауіпсіздігін тестілеу және талдау. Пән студенттерде интернет-технологиялар мен Web-қосымшалардың негізгі компоненттеріндегі осалдықтарды анықтау және жою, интернет-технологиялар мен WEB-қосымшалардың АҚ-ді қамтамасыз етудің кешенді жүйесін жобалау және іске асыру қабілеттерін қалыптастырады.