Физика
Пән білім алушылардың инженерлік-техникалық қызметке қажетті физика саласындағы іргелі білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында механика, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, оптика, кванттық физика, атом ядросы және элементар бөлшектер қарастырылады. Пәнді оқу физикалық дүниетанымды қалыптастыруға, жаратылыстану-ғылыми ойлауды дамытуға және инженерлік міндеттерді шешуде физика заңдарын қолдануға бағытталған.