Жұмыс органдары және әсер ету объектілері
"Жұмыс органдары және әсер ету объектілері" пәні жол құрылысы объектілерінің сипаттамаларын, жол-құрылыс өндірісінің негізгі операцияларын, машиналардың жұмыс органдарының жіктелуі мен ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Курс жұмыс органдарының объектілерге әсеріне қарай олардың ұтымды конструкциясын таңдаудағы, сондай-ақ жұмыс органдарының әсер ету объектілерінің физикалық-механикалық қасиеттерін айқындаудағы, машиналардың әртүрлі жұмыс органдарының негізгі параметрлерін есептеуді орындаудағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.