Eco-Mining-тегі Геймификация
Пән экологиялық бағыттағы тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын геймификация қағидаттарын, әдістері мен цифрлық құралдарын тереңдетіп зерделеуге бағытталған.
оқытушылық іс-әрекеттерде
2026 жыл
Горные машины и комплексы
Пән экологиялық бағыттағы тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын геймификация қағидаттарын, әдістері мен цифрлық құралдарын тереңдетіп зерделеуге бағытталған.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.
Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.
Пән табиғи минералдық ресурстардың шектеулілігін және қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін ескере отырып, оларды ұтымды пайдалануға қажетті әдістерді, стратегиялар мен технологияларды зерделеуге бағытталған.
«Ғылыми зерттеу әдістері» пәні докторанттардың экономикалық ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасы, экономика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаттары туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға, жаңа ғылыми білімді қалыптастыра алатын, бірегей зерттеу тәсілдерін әзірлейтін және ғылыми қызмет нәтижелерін білім беру процесіне тиімді ықпалдастыра алатын зерттеушінің ғылыми-педагогикалық мәдениетін дамытуға бағытталған. Пән аясында ғылыми танымның философиялық және әдіснамалық негіздері, экономикадағы қазіргі ғылыми парадигмалар, ғылыми зерттеудің логикасы, зерттеу мәселесін қою әдіснамасы, гипотезаларды әзірлеу, зерттеудің тұжырымдамалық моделін қалыптастыру, сапалық, сандық және аралас зерттеу әдістерін таңдау мәселелері қарастырылады, экономикалық талдаудың, экономикалық-математикалық модельдеудің, эконометриканың, статистикалық талдаудың, деректердің үлкен массивтерін өңдеудің, өнеркәсіптік жүйелердің, инновациялық қызмет пен өнеркәсіптік саясаттың тиімділігін бағалаудың қазіргі заманғы әдістері зерделенеді. Академиялық адалдық, зерттеу этикасы, ғылыми коммуникацияны ұйымдастыру, рейтингі жоғары ғылыми басылымдарда жарияланымдар дайындау, зерттеу нәтижелерін халықаралық талаптарға сәйкес рәсімдеу, ғылыми қызметтің заманауи цифрлық құралдарын пайдалану, сондай-ақ диссертациялық зерттеуді дайындау әдіснамасы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Пәннің ғылыми-педагогикалық құрамдас бөлігі жоғары білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгеруге, ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу пәндерінің мазмұнына ықпалдастыруға, зерттеуге бағдарланған білім беру технологияларын әзірлеуге, білім алушылардың зерттеу қызметіне ғылыми жетекшілік ету дағдыларын қалыптастыруға, экономикалық ғылымның заманауи жетістіктеріне негізделген оқу-әдістемелік материалдарды жобалауға бағытталған.
Пән кәсіби бағдарламалық кешендерді қолдана отырып, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізудің әдіснамасы мен әдістемесін зерделейді. Пән зерттеу бағытын таңдауға, теориялық және эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыруға, ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу және талдау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ өнертапқыштық қызметтің негіздерін, патенттік ізденісті, зияткерлік меншікті қорғауды және ғылыми әрі ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаттарын меңгеруге бағытталған.