Шебалина Ольга Андреевна

Каверин Владимир Викторович

Профессор
«Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
34+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

8
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1982

горный инженер-электрик

Электрификация и автоматизация горных работ

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Автоматтандырылған электр жетегінің электрлік аппараттары мен элементтері

Пән электрлік аппараттардың әртүрлі типтерінің және автоматтандырылған электржетектің элементтерінің конструкциясы мен әрекет ету принципі бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: электр аппараттарының, коммутациялық аппаратураның және электромеханикалық түрлендіргіштердің жіктелуі, басқарылатын күш түрлендіргіштері, қолданылатын реттелетін электр жетегіндегі датчиктер. Пәнді оқу электр техникалық жүйелердегі электр аппараттарын зерттеуге және пайдалануға бағытталған.

PhD докторы

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертация орындау

Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.

Бакалавр

Күштік түрлендіру кұрылғылары

Курс энергетикалық түрлендіру құрылғыларының (ЭТҚ) негіздері бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: ЭТҚ негізгі анықтамалары мен құрылымы, бақыланатын түзеткіштер, клапандардың сериялық және параллель қосылуы, кернеу түрлендіргіштерінің сенімділігі, басқарылатын түрлендіргіштің белсенді элементтерін таңдау, басқару жүйелерінің блок-схемасы. Оқу курсы электр жетектерін басқару жүйелерін зерттеуге, жобалауға және пайдалануға бағытталған.

Бакалавр

Электр энергиясын тиристорлық жүйелермен түрлендіру

Пән электр энергиясының тиристорлық түрлендіргіштерінің (ТТ) теориясы бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: ТТ анықтамалары мен құрылымы, фазалы және жартылай бақылаулы тиристор түзеткіштері, кері кернеудің және тиристордың ток күшінің максималды мәндері, үш фазалы ТТ, түзеткішті басқару жүйелерін, фазалық басқару жүйелерін анықтау. Пәндерді зерттеу электр жетектерін басқару жүйелерін зерттеуге, жобалауға және пайдалануға бағытталған.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Өндірістік тәжірибе

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Зертеу практикасы таңдалған мәселе бойынша ғылыми зертеуді орындалуға бағыталған. Мавгистранттардын теориялық білімдерін нығайту және терендету, өзіндік жұмысының дағдыларын менгеру және дамыту. Магистерлік диссертацияны орындау және доктрант ретінде ғылыми қызметін жалғастыру үшін үлкен маңызды ие.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Өндірістік тәжірибе

Өндірістік тәжірибе магистратура пәндерін оқу кезінде алынған білім мен біліктерді жүйелендіруге және практикалық бекітуге; магистрлердің кәсіби қызметінің міндеттерін шешуде практикалық дағдыларды алуға; зерттелетін объектілердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ақпаратты жинаудың, оны өңдеудің, талдаудың және интерпретациялаудың қолданыстағы әдістері мен тәсілдерін меңгеруге бағытталған.