Шебалина Ольга Андреевна

Квон Светлана Сергеевна

Профессор
«Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
37+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

7
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1983

инженер-металлург

Физико-химические исследования металлургических процессов

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Кристаллография және кристалдық құрылымының ақаулары

Пән негізгі болып табылады және кристалды материалдардың құрылысын, фазалық түрленуді және материалдарды өңдеу әдістерін меңгерумен байланысты бейінді пәндерді одан әрі түсіну үшін теориялық негізді құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: құрылымдық кристаллография, кристаллохимия негіздері, қарапайым ақаулар теориясының негіздері. Курс оқу кристаллдар мен кристалл құрылымдарды сандық және сапалық сипаттау саласындағы білімді қалыптастыруға бағытталған; кристаллографиялық индикаторлау және проекциялау есептерін шешу, ақаулардың тепе-тең концентрациясын есептеу дағдысы

Бакалавр

Кристаллография және металлография негіздері

Пән кристаллография мен металлография заңдылықтарын зерттеуді, сондай-ақ оларды тиісті мәселелерді шешуде практикалық қолдануды мақсат етеді. Курс кристаллографияның негізгі заңдары, индекстеу әдісі, күй диаграммалары, қорытпалардың пластикалық деформациясы және механикалық қасиеттері бөлімдерімен ұсынылған. Курсты оқу кристалл құрылымы мен дайын өнімнің сапасын болжау және тиімді басқару үшін қажетті материалдардың қасиеттері арасындағы байланысты түсінуге бағытталған.

Бакалавр

Арнайы болаттар мен қорытпалардың металтануы

Пән легірлеуші элементтердің болаттың құрылымы мен қасиеттеріне әсерін және арнайы тағайындалған болаттарға қойылатын талаптарды қарастырады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: темірдің полиморфты түрленуіне легірлеуші элементтердің әсері, енгізу фазаларының пайда болуы, машина жасау болаттары, ерекше физикалық қасиеттері бар болаттар, аспаптық. Пәнді оқу арнайы болаттар мен қорытпаларды термоөңдеу режимін таңдау білігін қалыптастыруға бағытталған.

PhD докторы

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертация орындау

Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.

PhD докторы

Зерттеу практикасы

Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.

Докторантура бағыттар бойынша

Докторанттың ғылыми зерттеу жұмысы, тағылымдаманы өтуімен қоса докторлық диссертацияны жасауы

Докторантура бағыттар бойынша

Өндірістік тәжірибе