Шебалина Ольга Андреевна

Хуанган Нурбол

И.о.доцента
«Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасы
«Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67 №2 ғимарат, Абай даңғылы,67
15+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

8
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2011

магистр

Горное дело

2009

бакалавр

Горное дело

Басылымдар

Курстар

PhD докторы

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертация орындау

Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.

Бакалавр

Диплом алдындағы практика

Пәнді оқытудың мақсаты: диссертация жазу үшін теориялық және практикалық материалдарды жинау және өңдеу. Негізгі бөлімдердің мазмұны: кәсіпорын қызметінің сипаттамасы, өнімнің (қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдау, "кәсіпорын қызметінің жаңа нәтижелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қорытындылар, ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Оқыту нәтижелері: кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қаржылық есептілікті талдау, ұйымның операциялық қызметіне талдау жүргізу және оның нәтижелерін басқару шешімдерін дайындау үшін пайдалану, алынған есептілік және статистикалық деректерді диплом алдындағы практикадан өткені туралы есепті ресімдеу және ұсыну үшін пайдалану.

Бакалавр

Көмiрлі және кенішті шахталарды жобалау

Пән көмір шахталары мен кеніштерді жобалаудың теориялық дайындығының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: жобалау кезеңдері. Жобалардың құрамы мен мазмұны. Жобалау әдістері. Пәнді оқыту инженерлік шешімдердің нұсқаларын құрастыруда, құндық параметрлерді пайдалануда және ПК параметрлерін анықтауда дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

ЖТКЖ кен орындарын дайындау және ашу

Пән пайдалы қазбалар кен орындарын жер астында игеру кезінде тау-кен жұмыстарын жүргізу саласында студенттерді дайындаудың негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: игеру жүйелері, қаттық кен орындарын дайындау және ашу тәсілдері. Оқпан маңындағы аулалардың схемалары және шахта бетінің технологиялық кешендері. Көмір шахталарының технологиялық схемалары. Курсты оқу жер асты игеру кезінде жер асты кен орындарын дайындау және ашу әдістерін таңдау, негіздеу және жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

ЖТЖ-да кенорындарындағы қазу жүйелерi

Пән жер асты өндіру тәсілінде кен орындарын игеру жүйесі саласындағы теориялық дайындықтың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: қабаттық кен орындарын игеру жүйесі. Қолдану саласы. Тұтас өңдеу жүйелері. Мәні, белгілері және параметрлері. Пәнді оқу жер асты игеру кезінде қабаттық кенорындарын дайындау және ашу тәсілдерін, игеру жүйесін таңдау, негіздеу және құрастыру біліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Тазарту жұмыстарының технологиялық схемалары мен процесстері

Пән өндірістік процестер мен технологиялық схемаларды жобалау саласында студенттерді даярлаудың негізі болып табылады. Курс бөлімдермен ұсынылған: тау жыныстары мен көмірдің технологиялық сипаттамалары. Тазарту жұмыстарының процестері. Еңбек өнімділігін, учаскелік өзіндік құнды анықтау. Курсты оқу технологиялық схемаларды, кешенді механикаландыру құралдарын таңдау, бекіту паспорты мен жұмыстың планограммасын жасау, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.