Сәулеттiк композиция
Пән сәулетшілерді дайындауда негізгі болып табылады. Курс мынадай бөлімдермен берілген: архитектурадағы формалар ұғымы; архитектуралық форманың құрылымы; архитектуралық форманы анықтау құралдары; архитектуралық форманы үйлестіру түсінігі. Пәнді оқу формаларды архитектуралық үлгілеу әдістерін қолдана білігі мен дағдыларын қалыптастыруға, композициялық-кеңістіктік ойлауды дамытуға, архитектуралық форманың көркем мәнерлілігі туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.