Шебалина Ольга Андреевна

Шаметова Айгерим Аманбаевна

И.о.доцента
«Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасы
№1 ғимарат, Назарбаева даңғылы,56/1
16+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

15
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1996

экономист

Экономика и управление производством

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Өнеркәсіптік кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі

Пән өнеркәсіптік кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жүргізу үшін студенттерді теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: сыртқы нарықтардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметі, өнеркәсіптік кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау. Курсты оқу студенттердің практикалық әдістерді игеру дағдыларын қалыптастыруға және өнеркәсіптік кәсіпорындардың сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру дағдыларын алуға бағытталған.

Бакалавр

Өнеркәсіптік кәсіпорынның экономикалық талдауы, курстық жұмыс

Пән өнеркәсіптік кәсіпорынның деректері бойынша экономикалық талдау жүргізу әдістемесі саласындағы бакалаврларды даярлаудың негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: Экономикалық талдаудың пәні мен мазмұны; Экономикалық талдаудың әдісі мен әдістемесі; экономикалық ақпаратты өңдеу тәсілдері; кәсіпорын ресурстарының жекелеген түрлерінің бар болуын, динамикасын және пайдалану тиімділігін талдау. Курсты оқу студенттердің экономикалық мәселелерді кәсіпорын деңгейінде өз бетінше бағалауының практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Курстық жұмыс белгілі бір кәсіпорынның деректері бойынша аналитикалық есептеулерді дербес жүргізу дағдыларын дамытуды қамтиды.

Бакалавр

Өнеркәсіптік кәсіпорын қызметін экономикалық талдау

Пәнді оқыту мақсаты: кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау және басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпарат дайындау негіздері бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды алу. Негізгі бөлімдердің мазмұны: кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамалық негіздері; салыстырмалы және факторлық талдау әдістері; факторлардың экономикалық қызмет нәтижелеріне әсерін есептеу; ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау әдістері. Оқу нәтижесі: әртүрлі әдістерді қолдана отырып, кәсіпорын қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдай білу.

Бакалавр

Өнеркәсіптік кәсіпорынның экономикасы

Пән өнеркәсіптік кәсіпорынның экономикалық қызметін, әзірлеу және шешім қабылдау процесін зерттеу саласындағы бакалаврларды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлау, кәсіпорынның қаржылық нәтижелері. Курсты оқу студенттердің негізгі экономикалық субъект – өнеркәсіптік кәсіпорын аясында жұмыс істейтін экономикалық механизмдерді жақсы түсінуі үшін экономикалық ойлауды дамытады.

Бакалавр

Тау-кен кәсіпорнын экономикалық талдау, (к.ж/ж)

Пән тау-кен кәсіпорнына экономикалық талдау жүргізу әдістемесі саласындағы бакалаврларды даярлаудың негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: Экономикалық талдаудың пәні мен мазмұны; тау-кен кәсіпорнын Экономикалық талдаудың әдісі мен әдістемесі; экономикалық ақпаратты өңдеу тәсілдері. Курсты оқу тау-кен кәсіпорнының экономикалық мәселелерін студенттердің өз бетінше бағалауының практикалық дағдыларын қолдануды қалыптастырады.

Бакалавр

Өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы

Пән өнеркәсіптік кәсіпорынның экономикалық қызметін, әзірлеу және шешім қабылдау процесін білу саласындағы бакалаврларды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлау. Курсты оқу студенттердің негізгі экономикалық субъект – өнеркәсіптік кәсіпорын аясында жұмыс істейтін экономикалық механизмдерді жақсы түсінуі үшін экономикалық ойлауды дамытады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Бакалавр

Тау-кен кәсіпорнын экономикалық талдау, (к.ж/ж)

Пән тау-кен кәсіпорнына экономикалық талдау жүргізу әдістемесі саласындағы бакалаврларды даярлаудың негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: Экономикалық талдаудың пәні мен мазмұны; тау-кен кәсіпорнын Экономикалық талдаудың әдісі мен әдістемесі; экономикалық ақпаратты өңдеу тәсілдері. Курсты оқу тау-кен кәсіпорнының экономикалық мәселелерін студенттердің өз бетінше бағалауының практикалық дағдыларын қолдануды қалыптастырады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Зертеу практикасы таңдалған мәселе бойынша ғылыми зертеуді орындалуға бағыталған. Мавгистранттардын теориялық білімдерін нығайту және терендету, өзіндік жұмысының дағдыларын менгеру және дамыту. Магистерлік диссертацияны орындау және доктрант ретінде ғылыми қызметін жалғастыру үшін үлкен маңызды ие.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Стратегиялық менеджмент

МВА—ға арналған «Стратегиялық менеджмент» пәні менеджерлердің ұзақ мерзімді жоспарлау, бәсекелестік ортаны талдау және тұрақты бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу стратегияларын жүзеге асыру дағдыларын дамытуға бағытталған іргелі курс болып табылады. Курс сыртқы/ішкі ортаны талдауды, стратегияны таңдауды және оны енгізуді қамтиды, бұл жоғары деңгейдегі басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Өзгерістер стратегиясы және бизнесті дамыту

Пән "Өзгерістер стратегиясы және бизнесті дамыту" - кәсіпорынның стратегиялық тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұйымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін жүйелі басқару құзыреттілігін қалыптастыру. Бағдарламада мыналар қарастырылады: икемді және үнемді технологиялар; трансформацияларды жобалық басқару; технологиялық инженерия; технологиялық модернизация; өзгерістер психологиясы. Курс өзгерістерге төзімділікті барынша азайту және үздіксіз жетілдірудің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік жобаны орындау

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Операциялық тиімділік және үнемді өндіріс

Пән нақты кәсіпорындардың тиімділігін арттыру бағдарламаларын ұтымды өндіріс құралдары негізінде әзірлеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар ұтымды өндірістің қағидаттары мен негізгі құралдары, оларды еңбек өнімділігін арттыру, шығындарды қысқарту, ысыраптарды азайту және компания активтерін тиімді пайдалану мақсатында қолдану туралы білім қалыптастырады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорнының дамуын стратегиялық талдау және жоспарлау

Пән тау-кен өнеркәсібі кәсіпорнының стратегиялық даму саласындағы теориялық дайындықтың негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: ұйымның миссиясы, пайымы және стратегиясы, корпоративтік және бәсекелестік стратегиялары, тау-кен саласын, стратегиялық талдау. Курс қоршаған ортаға стратегиялық талдау жүргізуді және стратегияны әзірлеуді қалыптастыруға бағытталған.

Бейіндік бағыт бойынша магистр

Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорнының дамуын стратегиялық талдау және жоспарлау

Пәнді оқытудың мақсаты тау-кен өнеркәсібі кәсіпорнының стратегиялық дамуы саласында теориялық дайындық негіздерін қалыптастыру болып табылады. Курс ұйымның миссиясы, көзқарасы мен стратегиясы, корпоративтік және бәсекелестік стратегиялары, тау-кен саласын Стратегиялық талдау бөлімдерімен ұсынылған. Курс қоршаған ортаға стратегиялық талдау жүргізуді қалыптастыруға және стратегияны әзірлеуге бағытталған.