Шебалина Ольга Андреевна

Жолмагамбетов Нурбек Рыспекович

Заведующий кафедры
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67
23+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

12
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1995

инженер механик

Подъёмно-транспортные, строительные, дорожные машины и оборудование

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету

Пән ТӘҚ қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін меңгерген бакалаврларды дайындау үшін негіз болып табылады. Курс құрамы: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, азаматтық қорғауды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Курсты оқыту студенттердің өндірісте ТӘҚ қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бағалау әдістеріт 2

Пән статистикалық, сараптамалық және халықаралық әдістерді пайдалана отырып, кәсіби, техногендік және экологиялық тәуекелдерді бағалау бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастырады. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: Өндірістік жарақаттану және кәсіптік сырқаттану деректері бойынша кәсіптік тәуекелді постериори бағалау; еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелді бағалаудың сараптамалық әдістері; жұмыс орнындағы тәуекелдерді бағалаудың халықаралық тәжірибесі; техногендік және экологиялық тәуекелді бағалау; аварияларды талдау және тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде оқиғалар ағашы мен істен шығу ағашының әдістерін қолдану.

Бакалавр

Ғылыми зерттеулердің әдістері

Пән ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері туралы тұтас түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Курс келесі бөлімдерден тұрады: ғылыми зерттеу және оның мәні; методология түсінігі; эмпирикалық және теориялық таным әдістері; Ғылыми білімнің әдіснамалық негіздері; ғылымның дамуының негізгі кезеңдері. Курс өзіндік шығармашылық ғылыми жұмысқа дайындалуға және өндіріске жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

Бакалавр

Тау-кен өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі

Пән тау-кен өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі мәселелері бойынша бакалаврларды теориялық даярлаудың бір бөлігі болып табылады. Курс құрамы: кен орындарын игеру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары; шаң-газ режимі; газдинамикалық құбылыстар; тау қысымы; эндогендік өрттер; жарылыс жұмыстары; өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялау. Курсты оқу студенттердің тау-кен өндіру кәсіпорындарындағы апаттарды болжау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіптік тәуекелдерді басқару және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен өнеркәсібі үшін экологиялық бағалау және түгендеу әдістері 1

Пән тау-кен өнеркәсібінің ластану көздерінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін түгендеу және бағалау мәселелері бойынша білімді қалыптастыруға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: экологиялық заңнама, Қоршаған ортаның ластану көздеріне түгендеу жүргізу кезеңдері; қоршаған ортаның жай-күйіне әсерді бағалауды жүргізу тәртібі.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бағалау әдістеріт 1

Пән еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыруды жүзеге асырады. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: тәуекелдерді басқару саласындағы нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және стандарттар, тәуекелдерді жоспарлау және бағалауға дайындық, өндірістік қызмет процесінде адам үшін қауіпті анықтау, авариялар, өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар тәуекелін талдаудың сапалық және сандық әдістері, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы тәуекелді бағалау критерийлері және тәуекелдің маңыздылығы туралы шешім қабылдау, тәуекелді азайту шараларын таңдау.

Бакалавр

Өнеркәсіптік желдету

Пән өнеркәсіптік желдету жүйелерін есептеу және жобалауды меңгерген бакалаврларды теориялық даярлаудың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: өндірістік желдету түрлері, тарту көздері, желдету жүйелерін есептеу. Пәнді оқу студенттердің өндірістік нысандарды жобалау және желдетуді басқару, ауа өткізгіштердің аэродинамикалық параметрлерін және ауаның қажетті мөлшерін анықтау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Тау-кен кәсiпорынның аэрологиясы

Пән сыртқы атмосфералық ауасы бар тау-кен кәсіпорындарының жер асты қазбаларында ауа алмасу саласындағы теориялық дайындықтың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: шахталық ауа. Өнеркәсіптік және шахталық шаң. Аэродинамикалық кедергі. Табиғи тарту. Шахталарды желдету. Пәнді оқу техникалық құрылғылардың қауіптілік дәрежесін бағалау және аэрология саласындағы бақылау есептерін шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу тәжірибесі

Тәжірибеде теориялық білімдер бекітіледы және тәжірибелік дағдылар алынады: ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша әдебиеттерді шолу, ол тиісті ғылыми басылымдарға негізделген және автоматтандыру саласындағы жетекші сарапшылар алған негізгі нәтижелер мен мәлімдемелерді талдауды қамтиды; экспериментті жоспарлау және жүргізу; диссертациялық жұмыстың нақты материалдарын жинау және өңдеу.

Бакалавр

Тау-кен кәсiпорынның аэрологиясы

Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді тау-кен кәсіпорындарының жерасты қазба жұмыстары кезінде сыртқы атмосфералық ортамен ауа алмасудың ғылыми негіздерімен таныстыру. Негізгі бөлімдердің мазмұны: Шахта ауасы. Өнеркәсіптік және шахта шаңы. Аэродинамикалық кедергі. Табиғи тарту күші. Шахталарды желдету. Техникалық құрылғылардың қауіптілік дәрежесі және аэрология саласындағы бақылау міндеттерін шешу. Оқыту нәтижелері: тазарту кенжарындағы газ-динамикалық құбылыстарды болжау және алдын алу принциптерін меңгеру. Тау-кен кәсіпорындарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану. Тау-кен кәсіпорындарында қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелерін білу.