Шебалина Ольга Андреевна

Акижанова Жанар Темирбайкызы

Старший преподаватель
«Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
14+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

10
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2012

магистр наук

Технология машиностроения

2009

бакалавр

Технология машиностроения

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Тау-кен машиналардың АЖЖ

Пән тау-кен машиналарын жобалау саласындағы бакалаврларды дайындауда негізгі болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: жобалаудың жалпы принциптері; тау-кен машиналарына қойылатын талаптар; пайдалану шарттарының машиналардың конструктивтік параметрлеріне әсері; тау-кен машиналарын жобалауды автоматтандыру. Курсты оқу машиналар мен жабдықтарды жобалау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 2

Өндірістік практиканың мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету; ақпаратты өңдеудің құрал-саймандық құралдарын пайдалану бойынша, автоматтандырылған жүйенің деректерін жаңарту, техникалық сүйемелдеу және қалпына келтіру бойынша регламенттерді орындау бойынша дағдыларды алу; бітірушінің кәсіби біліктерін, болашақ кәсіби және ұйымдастыру-басқару қызметіне тән әртүрлі міндеттерді орындау арқылы нақты өндірістік жағдайларда өзіндік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бакалавр

Тау-кен машиналары мен жабдықтарын жобалау және құрастыру

Пән тау-кен машиналарын жобалау және есептеу саласындағы бакалаврларды дайындаудың негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: жобалаудың жалпы қағидаттары; жүйелерге қойылатын талаптар; пайдалану шарттарының конструкциялық параметрлерге әсері; ұштасатын жабдықтың параметрлерін келісу. Курсты оқу тау-кен машиналары мен жабдықтарын жобалау және технологиялық жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.

Бакалавр

Компьютерлiк графика

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және бітірушілердің инженерлік-техникалық қызметінің негізі болып табылады. Негізгі бөлімдер: компьютерлік графиканың теориялық негіздері, графиканың бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуі, компьютерлік графиканы орындаудың тәжірибелік әдістері. Курсты оқу Екі өлшемді және үш өлшемді векторлық графиканы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білігін қалыптастыруға бағытталған; шынайы кеңістіктік модельдерді құру бойынша практикалық іскерлікті меңгеру.

Бакалавр

Технологиялық машиналардың сенімділігі

Пән технологиялық машиналар мен жабдықтардың сенімділік негіздерін зерттеу саласындағы бакалаврларды даярлаудың негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: Негізгі ережелер, ұғымдар мен анықтамалар. Технологиялық машиналардың істен шығуын жіктеу. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың пайдалану сенімділігі. Курсты оқу технологиялық машиналар элементтерінің сенімділік параметрлерін анықтау және арттыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Көліктік машиналар

Пән көлік машиналарын дамыту және жетілдіру саласында бакалаврларды дайындау базасы болып табылады. Пән келесі бөлімдерден тұрады: конвейерлік көліктің жіктелуі, әртүрлі жұмыс режиміндегі машиналардың динамикасы; негізгі параметрлерді есептеу, басқару жүйелері. Курсты оқу тиісті технологиялық схемалар мен тау-кен техникалық жағдайларға арналған көлік машиналарын таңдау және есептеу машықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

CAD/CAM/CAE негіздері

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және бітірушілердің инженерлік-техникалық қызметінің негізі болып табылады.Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: машина жасаудағы жұмыстарды автоматтандыру технологиясы, машина жасаудағы құрылымдық және технологиялық жұмыстардың негізгі түрлерін автоматтандыру құралдарын қолдану. Курсты оқу объектілерді үш өлшемді модельдеудің білімі мен дағдыларын қалыптастыруға, оларды СББ бар білдектерінде өңдеуге және компьютерлік инженерлік талдауға бағытталған.

Бакалавр

ЖТКЖ үшін тау-кен машиналары

Пән жұмыс принципін, жалпы құрылымын, номенклатурасын, құрылым ерекшеліктерін, пайдалану негіздерін және жерасты тау-кен жұмыстарына арналған тау-кен машиналары мен жабдықтарының негізгі түрлерін таңдау принциптерін зерделеу кезінде бейінді болып табылады. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: механикаландырылған қазу машиналары және кешендер; механикалық бекітпелер; тазарту комбайндары; шахта көлігі; қайта тиегіштер; ұсақтағыштар; жерасты тау-кен жұмыстарына арналған технологиялар мен жабдықтарды іздеу.

Бакалавр

АТКЖ үшін тау-кен машиналары

Пән жұмыс принципін, жалпы құрылымын, номенклатурасын, құрылым ерекшеліктерін, пайдалану негіздерін және ашық тау-кен жұмыстарына арналған тау-кен машиналары мен жабдықтарының негізгі түрлерін таңдау принциптерін зерделеу кезінде бейінді болып табылады. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: қазып алу-тиеу машиналары (экскаваторлар); қазып алу-тасымалдау машиналары (бульдозерлер, фронтальды тиегіштер, скреперлер); гидромеханизациялауға арналған машиналар (гидромониторлар мен топырақ соратын снарядтар); ашық тау-кен жұмыстары үшін технологиялар мен жабдықтарды іздеу.