Шебалина Ольга Андреевна

Коккоз Махаббат Мейрамкызы

Заведующий кафедрой
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
30+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

15
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2003

инженер

Автоматизированные системы обработки информации и управление (по отраслям)

1995

Инженер-механик

Технология машиностроения

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Ақпарат теориясы

Пән ақпаратты түрлендіру мен берудің заманауи технологиялары туралы теориялық білімді зерттейді. Курстың бөлімдері: білімді ресми түрде ұсыну; ақпарат түрлері; ақпаратты өлшеу әдістері; ақпаратты қысу; кодтау. Пәннің мақсаты білім алушыларда ақпаратты кодтаудың, қысудың, қалпына келтірудің және сақтаудың заманауи технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бакалавр

Ақпарат қорғаудың ақпараттық негіздері

Пән бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды және түлектер қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен берілген: ақпаратты қорғау әдістері мен құралдары; ақпаратты кодтау; криптография негіздері; байланыс арналарын қорғау. Курсты оқу студенттердің табысты кәсіби қызмет үшін білім және құзыреттілік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Компьютерлiк графика

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және бітірушілердің инженерлік-техникалық қызметінің негізі болып табылады. Негізгі бөлімдер: компьютерлік графиканың теориялық негіздері, графиканың бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуі, компьютерлік графиканы орындаудың тәжірибелік әдістері. Курсты оқу Екі өлшемді және үш өлшемді векторлық графиканы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білігін қалыптастыруға бағытталған; шынайы кеңістіктік модельдерді құру бойынша практикалық іскерлікті меңгеру.

Бакалавр

Кодтау негіздері

Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврларды теориялық және практикалық дайындаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерде берілген: ақпарат теориясының негіздері, дискретті арна бойынша беру кезінде ақпаратты кодтау, тиімді кодтау, шусыз арнада кодтау, ақпаратты цифрлық қысу әдістері. Курсты зерделеу студенттердің коммуникациялық арналар арқылы ақпаратты кодтау және беру технологиялары мен әдістері туралы білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Кодтау теориясы

Пән кодтауды деректерді беру, сақтау, автоматты өңдеу және рұқсатсыз кіруден қорғау үшін бір формадан екіншісіне түрлендіру процесі ретінде қарастырады. Кодтау теориясының негізгі бағыттарына деректерді қысу, көліктік кодтау, криптография және физикалық кодтау жатады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты білім беру процесін магистрлерді даярлау бағыттары бойынша кәсіби қызмет саласын дамытумен біріктіру болып табылады. МҒЗЖ ғылыми-зерттеу, инновациялық ойлауды, шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті; магистрлік диссертация бағытымен байланысты ғылыми салада ғылыми зерттеулерді, эксперименттік жұмыстарды жүзеге асыру білігін, кәсіби міндеттерді шешуді қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Зертеу практикасы таңдалған мәселе бойынша ғылыми зертеуді орындалуға бағыталған. Мавгистранттардын теориялық білімдерін нығайту және терендету, өзіндік жұмысының дағдыларын менгеру және дамыту. Магистерлік диссертацияны орындау және доктрант ретінде ғылыми қызметін жалғастыру үшін үлкен маңызды ие.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Стартаптарды әзірлеу

Курс стартаптарды басқару әдістерін, бизнес-процестерді модельдеуді, нарықтық үрдістерді талдауды және инновациялық технологияларды енгізуді зерттеуге негізделген. Стартаптарды дамытуға, тәуекелдерді басқаруға және нарықтың тез өзгеретін жағдайларына бейімделуге стратегиялық тәсілдерге ерекше назар аударылады. Пән жобаларды таныстырудың, инвесторларды тартудың тиімді әдістерін, сондай-ақ бизнесті масштабтау тәсілдерін зерделеуді көздейді. Магистранттар бизнес-модельдерді әзірлеу мен тестілеудің заманауи құралдарын меңгеріп, командада жұмыс істеу және кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын игереді.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Педагогикалық тәжірибе

Педагогикалық практика білім алушыларды тиісті мамандық бойынша педагогикалық қызметке даярлауға бағытталған. Педагогикалық практикада білім алушылар ЖОО-дағы педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен; педагогикалық тапсырмалардың көлемі мен сипатымен; ЖОО-дағы нақты педагогикалық қызметтің оқытушыға қоятын талаптарымен танысады. Практикадан өту педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ғылыми-инновациялық қызметті басқару

Пән ғылыми-инновациялық қызметті (ҒИҚ) басқарудың қағидаттары мен әдістерін зерделеуге бағытталған. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ҒИҚ-ты жоспарлау; ҒИҚ-тың эксперименттік деректерін өңдеу және талдау; ҒИҚ-тың техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаларды коммерцияландыру; ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу; эксперименттік-зерттеу міндетінің жобалық шешімін қалыптастыру; ҒИҚ нәтижелерін дайындау және жариялау; ҒИҚ нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну. Курсты оқу кәсіби қызмет шеңберінде ҒИҚ-ты жоспарлауды, іске асыруды және мониторинг жүргізуді қамтитын басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты білім беру процесін магистрлерді даярлау бағыттары бойынша кәсіби қызмет саласын дамытумен біріктіру болып табылады. МҒЗЖ ғылыми-зерттеу, инновациялық ойлауды, шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті; магистрлік диссертация бағытымен байланысты ғылыми салада ғылыми зерттеулерді, эксперименттік жұмыстарды жүзеге асыру білігін, кәсіби міндеттерді шешуді қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

ЖИ бағдарламалау негіздері

Пән жасанды интеллект саласындағы бағдарламалаудың базалық негіздерін меңгеруге және деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс бөлімдері: Python тілі негіздері, деректер құрылымдары, интеллектуалдық алгоритмдердің қарапайым қағидалары және NumPy, pandas сияқты кітапханалармен танысу. Пәнді оқу алгоритмдік ойлауды қалыптастыруға және жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын одан әрі меңгеруге дайындыққа бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Педагогикалық практика

Педагогикалық практика білім алушыларды тиісті мамандық бойынша педагогикалық қызметке даярлауға бағытталған. Педагогикалық практикада білім алушылар ЖОО-дағы педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен; педагогикалық тапсырмалардың көлемі мен сипатымен; ЖОО-дағы нақты педагогикалық қызметтің оқытушыға қоятын талаптарымен танысады. Практикадан өту педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 2

Өндірістік практиканың мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету; ақпаратты өңдеудің құрал-саймандық құралдарын пайдалану бойынша, автоматтандырылған жүйенің деректерін жаңарту, техникалық сүйемелдеу және қалпына келтіру бойынша регламенттерді орындау бойынша дағдыларды алу; бітірушінің кәсіби біліктерін, болашақ кәсіби және ұйымдастыру-басқару қызметіне тән әртүрлі міндеттерді орындау арқылы нақты өндірістік жағдайларда өзіндік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.